1 086 көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

Газет мақаласы Айқын газеті №70

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалында көпбалалы аналар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларын қабылдады.

1 086 көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді
Мәжіліс вице-спикері өз сөзінде Тұңғыш Президент, Елбасы Нұр­­сұлтан Назарбаевтың әлеу­мет­тік баста­маларын, әсі­ресе, пар­тияның «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында табысы тө­мен көп­балалы отбасыларға нақты қолдау көрсе­тілетінін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, маңызды әлеу­меттік бастама­лардың бар­лы­ғы заң тұрғысынан реттелетінін жеткізді.
15 мыңға жуық көпбалалы отба­сының үштен бір бөлігі – тұрмысы төмен 5 мың жанұяға «Бір терезе қағидаты» бойынша жұмыс істей­тін Алматыдағы орталық көмек көр­сетеді. Орталықта бірқатар көп­ба­лалы аналар жұмыспен қамтыл­ған. Мұн­да күніне 50-60 адам жәр­дем сұ­рап келеді. Екі айдың ішінде 1 086 көпбалалы отбасына көмек көрсетілген.
Әңгіме барысында Алмалы, Түрксіб, Медеу аудандық көпбалалы аналар ұйымдарының өкілдері Елбасыға жасалып жатқан қамқор­лық үшін ризашылығын білдірді.
Олар кездесу барысында депу­тат­тар­ға ұсыныстары мен пікір­ле­рін жеткізді.
Өз кезегінде Гүлмира Исимбаева халықтың, оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесін шешу бары­сында кері байланысты іске қосу арқылы Nur Otan партиясы әрқашан қолдау көрсететінін және айтылған ұсыныстардың депутаттар тарапы­нан ескерілетінін айтты.