100 отбасы қуанған күн

Газет мақаласы Айқын газеті №70

Мамыр айының соңына дейін Қарағанды облысында 130-дан астам көпбалалы отбасы баспанаға ие болады. Жыл соңына дейін облыста 560 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады.

100 отбасы қуанған күн
Жақында Қарағанды облы­сында 27 отбасы қоныстойын тойлады. Ал облыс орталығы Қара­ғандыда жаңадан салынған 24 қабаттық «Үш жапырақ» тұр­ғын үй кешеніне алғашқы болып 10 көпбалалы отбасы қоныстан­ды.  
Жаңа пәтерлердің кілттерін облыс әкімі Ерлан Қошанов табыс етті. 
– Бұл – ең мейірімді және жар­қын мерекелердің бірі. Осын­дай күні еліміздің ең басты бай­лы­ғы – бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан біздің халқы­мыз екенін айтқым келеді. Елба­сы­ның арқасында елімізде ұлт­а­ра­лық келісімнің бірегей үлгісі, сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше ахуалы қалып­тасты. Бұл – біздің күшіміз. Ара­мызда қазір бізбен бірге көп­балалы отбасылар тұр, олар Қа­ра­ғандының жаңа орталығы­ның 24 қабатты, жайлы тұрғын үй кешенінің алғашқы тұрғын­да­ры болады, – деді аймақ басшы­сы. Облыс әкімі сонымен қатар бұл кілттердің «жаңа өмірдің, игі­ліктің және бақыттың ныша­ны» болуына тілектестігін білдірді.
Ерлан Қошанов бұл күні облыс бойынша бірнеше көпба­лалы отбасы жаңа пәтерге ие болғанын атап өтті. Теміртау, Бал­қаш, Саран, Шахтинск, Прио­зерск, Қаражал, Абай, Бұ­қар жырау, Қарқаралы, Жаңа­ар­қа және Нұра аудан­да­рын­да да көпбалалы отбасыларға пәтер берілді. 
– Мен өте қуаныштымын. Осы күнді 19 жыл күттік. Міне бүгін, осындай жарқын мерекеде облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алып отырмыз. Менің алты балам бар. Бүгінге дейін пәтер жалдап тұрдық, біраз қи­нал­дық. Бірақ енді бізде бәрі жақсы болады. Осындай сыйлық үшін бәріңізге рақмет, – деді көпбалалы ана Айгүл Әбішева.
Қарағанды тұрғыны Лаура Хасенова көпбалалы аналар аты­нан Елбасына халыққа қам­қор­лық жасағаны үшін, елдегі бейбітшілік пен келісім үшін алғысын айтты.
Жалпы, бұл күні облыстағы барлық қала, аудандарда мерекелік шаралар өтіп, түрлі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Мерекелік салтанатқа облыстың негiзгi өнер ұжымдары үлес қосты. Татулық пен тұрақты­лықты қалыптастырып, Қараған­ды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аясына біріккен этнос өкілдері елдегі тыныштық мен татулықтың нышанын бай­қат­ты. Ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықты ту еткен олар ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі аспаптарын арқалай келді. Этномәдени бірлестіктер­дің әншілері мен бишілер ұжым­дары бір-біріне сый-құрмет көр­сетті. Сондай-ақ әрбiр этномә­дени бiрлестiктер өздерiнiң салт-дәстүрлерi және өнерiмен таныс­ты­ру мақсатында көрме ұйым­дастырды. «Достық шаңырағы» облыстық этномәдениеттер фес­ти­валі мерекенің сәнін кел­тір­ді. Жалпыхалықтық мейрамда этноа­­уылдар әртүрлі дәстүр-салт­тан көріністер қойды. Халыққа қол­өнер шеберлерінің қолынан шық­қан туындыларын, тұрмыс­тық бұйымдар мен ұлттық тағам­дарды ұсынды. Түрлі ұлт өкілдері арасында дәстүрлі тағамдар сайысы өтті.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы