«Мәміле» жобасының жемісі

Газет мақаласы Айқын газеті №70

Қарағанды облысында әрбір этнос ана тілін үйреніп, салт-дәстүрін сақтау мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге, ниет білдірушінің барлығына қазақ тілін оқу орталықтары қолжетімді болып табылады, «Ахуалдық қазақ тілі – «Мәміле» жобасы жүзеге асырылуда.

«Мәміле» жобасының жемісі
Қарағандыдағы Достық үйін­де Қазақстан халқы ассамблея­сы­ның XXVII сессиясының қаты­су­шыларымен кездесу өтті. Делегат­тар аймақ жастарымен елордада өткен кездесуде алған әсе­рін бөлісті. Бас қосуда этно­мәдени бірлестік жетекшілері жас­тармен бейбітшілік пен ын­ты­­­мақтас­тық­ты нығайтуда жас ұрпақтың атқа­рар рөлі мен қо­ғамды жаңғырту мәселесін талқылады. 
Ассамблея сессиясына қа­тыс­­­қан делегаттар жиыннан жаңа күш пен жігер алған. Ендігі мақ­сат – айтылған тапсырманы жастарға жеткізу. 
– Жастармен кездесіп, жақ­сы әсер алдық. Біздің делегаттар сөз сөйледі. Шараға өңірдің ЖОО-ның студенттері, мұғалім­дер, жас кәсіпкерлер жиналып отыр. Барлығына бүгінгі айтыл­ған тапсырмаларды жеткізу мін­дет, – деді Қарағанды облысы әкі­м­інің орынбасары Асхат Айма­ғамбетов.
Облыстық Қазақстан халқы ассам­блеясы ғылыми-сарап­та­малық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский кездесудің маңызына тоқталды.
– Жастар жылы – жай ғана сөз жүзінде ғана емес, істермен және қамқорлыққа бай жыл бо­луы тиіс. Жастарға даму үшін серпін беріп, зияткерлік және материалдық жағынан қосымша қолдау көрсетуіміз тиіс. Оларға сессияның рухын, мағынасын және сезімін жеткізуіміз керек. Осы жылы кездесу жастарға ар­нал­ды деп айтуға болады. Елбасы жас ұрпақ үшін жасалып жатқан жұ­мыстар туралы айтты, – деп атап өтті.
Абай ауданының математика пәнінің мұғалімі Лариса Крав­цова отбасылық құндылық­тар ту­ралы әңгімеледі. Ол ҚХА сес­сия­­сында сөз сөйлеу құрметіне ие болды. 
– Бес ба­лам бар. Олар – мен үшін үл­кен қуа­ныш. 24 жыл мек­тепте мате­ма­тика пәнінің мұға­лімі болып қыз­мет етіп келемін. Біздің үйі­міз, біздің отбасымыз бағалайтын және сақтайтын ұлы игілігіміз екенін түсінген жөн. Өйткені отбасы –  мемлекетіміз­дің негізі, – деп атап өтті делегат.
Достық үйінде болған кездесу бейресми форматта өтті. Жастар өз­дерінің жобалары мен ұмты­лыс­­тары туралы айтып берді. 
– Мен осындай достық бай­ла­ныстан көп жақсылық көрдім. Өзімді толғандыратын көптеген сұраққа жауап алдым. Елімізде жастарды қолдау үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біз, жас­тар, еліміздің болашағы үшін жауап­кершілігімізді сезінуіміз керек, – деді жас ғалым Арман Кенжебеков.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы