Сержант атану – әрбір жастың арманы

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 171

Кадет корпусында тұңғыш оқыған қазақтың бірі – ғалым Шоқан Уәли­ха­нов. Бұрынғы заманда Омбыға ат ары­тып білім алса, бүгінде Кадет корпусы Қазақстанда да бар. Қор­ға­ныс ми­нис­тр­лігінің ұйым­дас­ты­руы­мен журна­лис­тер Кадет корпусының жұмысымен танысты. Оқу орны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жы­лы ашылған. Мақсат – Қарулы Күш­тер қатарына сержанттар дайындау.  

Сержант атану – әрбір жастың арманы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс ми­нис­трлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет кор­­­пу­сы бастығының тәрбие және идео­ло­гия­­лық жұ­мыстары жөніндегі орын­басары – бөлім бас­тығы полковник Қай­рат Асанов­тың ай­туын­ша, сапалы білім алуға барлық жағдай жа­салған.

– Кадет корпусында оқу – патриот жас­тар­дың арманы. Басты артықшылығы, оқу орнын бітірген түлектермен он жылға келі­сім­шарт жасалады. Талап бойынша 17-21 жас аралығындағы жастар қабыл­да­нады. Жатын орны, спорт үйірмелері бар­лығы те­гін. Сабақтан бос уақытта во­лей­бол, футбол, баскетбол ойнайды. Күрес, бокс­пен айналы­са­ды. АҚШ, Герма­ния, Түркия, Ұлы­бри­танияның әске­ри оқу орын­дарымен ынты­мақ­тастықта жұмыс істей­міз. Ал біздегі оқы­ту тәсілін ТМД елдері үлгі етіп алып отыр. Кадет корпусын бітірген түлектер Қарулы Күштерде тұрақ­ты жұмыс­қа орнала­са­ды, – дейді Қайрат Асанов.

Бастапқыда әскерилерге арналған «Ботагөз» шипажайы ғимаратында алғаш рет оқуға қабылдаған. Олар Щучинск өнді­ріс­тік педагогикалық техникумында білім алған. Заманауи жаңа үлгідегі қазіргі жаңа оқу-жаттығу ғимаратының іргетасы 2000 жылы қаланған. Артықшылығы солтүстік табиғатының қаталдығын еске­ріп салған.


оқу жатыгу 03.jpg

Ш.Уәлиханов атындағы Кадет кор­пусы бастығының оқу жұмыстары жөнін­дегі орынбасары – бөлім бастығы, подпол­ковник Роман Холод журналистерді оқу ғимараты­мен түгел таныстырып шықты.

– Оқу ғимараты соңғы үлгідегі талап­тарға сай. Ерекшелігі – курсанттар­дың жатақха­на­лары оқу ғимаратына жапсарлас салынған. Бірінен біріне дәліздер арқылы өтуге қолай­лы. Сондай-ақ мәдени іс-шаралар өткізуге ар­нал­ған зал, кітапхана, тіпті музей де бар­лы­ғы бір жерге шоғырлан­ған. Әскери техни­ка­лар жайлы теорияда оқып ғана қоймай, тәжірибе жасап көреді. Өйткені практикалық сабақтар әскери техникалар орналасқан сы­ныптарда өтеді. Теория мен практика қа­тар алып жүрген­діктен, оқығанын іс жүзінде көрсетуде тез меңгереді. Тіпті, Калашников автоматын көзі байлаулы болса да, лезде шашып-жинауға машықтанған. Макаров писто­леті­мен нысана көздеуді тұрақты жат­тық­қандықтан тез меңгереді. Сондықтан олар­дың практикалық сабаққа қызығушы­лы­ғы жоғары. Бейбіт заманда білікті кадр даярлау өз қолымызда. Бұған дейін Кадет корпусын 3 мыңнан астам түлек бітірді, – дейді подполковник Роман Холод.   


спортзал 1.jpg

Ол сондай-ақ кадеттердің ішінде әскери жарыстарда жоғары жетістікке жеткендердің де еңбекқорлығын ерекше атап өтті. Әскери ойындарда жүзден жүйрік атанғандардың еңбегі көпке үлгі. Әсіресе, өрт кезінде адам­дар­ды ажалдан арашалап қалған сержант А.Мұздақ және штаб-сержанты С.Батра­шев, ІІ дәрежелі сержант А.Поно­марен­­ко, сер­жант Н.Нур­ко ерен еңбегі үшін жоғары мара­паттарға ие болды. Сондай-ақ С.Абду­лин, Т.Халы­қов, С.Шураханов, Р.Сүйін­діков, М.Рахим­бековтер ІІІ дәрежелі «Айбын» орде­німен марапатталған.


Кадет корпусы сержанттар даярлайтын шетелдік оқу орындары арасында үздік деп танылған. Дегенмен бұл оқу орнының наси­ха­ты кемшін. Шалғайдағы ауылдың жастары Кадет корпусы жайында біле бермейді екен. Кадеттердің айтуынша, мұнда білім алудың артықшылығы көп. Мемлекеттің қолдауы­мен тегін оқиды. Шәкіртақы төленеді. Кі­тап­­хана, әскери пәндер бойынша сыныптар қажетті қару-жарақпен, әскери құрылғы­лар­мен, техника­мен толық жабдықталған.


оқу жатыгу 02.jpg

Мұнда Атырау облысынан оқуға қабыл­данған Ғасырбек Қабілеттің әскери қызмет­кер болсам деген мақсаты бар.

– Бала күнімнен әскери қызметкер болу­ды армандадым. Отанға адал қызмет ету – аза­маттық парызым. Біз сабақта әскери тех­ни­калардың құрылымын жан-жақты мең­гердік. Мұнда сабақ оқуға қажетті бар­лық жағдай жасалған. Бос уақытта әркім өзі қалаған спорт түрімен айналысады. Фитнес ор­талықта спортпен шұғылданамыз. Спорт­зал­­да волейбол, васкетбол ойнаймыз. Спорт­тық жарыстар­ға қатысамыз. Бокс, кү­­рес­пен айналысуға да мүмкіндік бар. Кадет корпусында оқиты­нымды мақтан тұта­тамын. Болашақ­та үздік әскери қызмет­кер болғым келеді. Оқуды тәмамдаған соң, бізді Қазақстанның әр аймағындағы әскери бөлімдерге жібере­ді. Сарбаздармен тікелей жұмыс істейміз. Кадет корпусын бітірген­дік­тен, бөлімше командирі болып тағайын­да­ламыз, – дейді Ғасырбек Қабілет.

гардероб 01.jpg

жатахана 01.jpg

Оқу орнындағы әскери музейдің алар орны ерекше. Себебі тек қана Кадет корпу­­сы­ның ғана емес, жауынгер халық­тың тари­хы түгел қамтылған. Қазақтан шыққан даңқты қолбасшылар туралы құнды деректер бар. Абылай ханның тұсындағы әскери өмірден бастап күні бүгінге дейінгі қазақ әскерінің жетіс­тік­тері тұтастай тізбек­тел­ген. Оның ішінде, қазақ батырларының, тарихта есімі алтын әріппен жазылған жа­уын­герлердің ерлігі жастарға өнеге. Әсіре­се, Омбы Кадет корпусында тұңғыш білім ал­ған­дардың бірі – Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, еңбектері бір төбе. Сонымен қатар Кеңес Одағының батыры, Қазақстан­ның тұң­ғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһар­маны, армия генералы Сағадат Нұрмағам­бе­тов­тің еңбектері жинақталған. Оның тәуел­­сіз елдің қорғаныс саласында кадр даяр­лауда еңбегі орасан зор. Батыр бабала­ры­ның ерлігін үлгі тұтатын жастардың қата­ры көбейеді деген сенімдеміз.


форма.jpg

Кадет корпусына баспасөз турымен келг­ен журналистер нысана көздеуден өзара жарысты. Әріптесіміз, «Айқын» газеті­нің фото­тілшісі Айтжан Мұрзанов жеңімпаз атан­ды.