Атышулы істер: сот үкімі қалай шықты?

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 172

Осы аптада бірқатар аты­шулы істерге қатысты сот үкі­мі шықты. Аталған қылмыстық жағ­дайлар кезінде қоғамда үл­кен шу тудырып, елдің на­за­рын аударған болатын.

Атышулы істер: сот үкімі қалай шықты?

Осы орайда сол оқиғалардың іші­нен екшей қарап, екеуін ғана ел назарына ұсынайық. Әйтпесе, соң­ғы бірнеше айда үкім шығып, айып­тыларға жаза кесілген қыл­­­мыс­тық істер көп-ақ. Біз қара­ша басталғалы қабылданған ше­шім­­­­дерге көңіл бөліп отырмыз. Мұ­ның алғашқысы – осы көк­тем­­де Қордай асуында болған ав­тобус апаты. Оқыс оқиға сал­да­­­рынан 11 адам қаза тапқан еді. Кінәсін мойындап, жасаған ісі­не өкінетінін айтқан автобус жүр­гізушісі 5 жылға бас бос­тан­ды­ғынан айырылды. Апат орын алар сәтте автобус жүргізушісі өзі­не қарай қатты келе жатқан жеңіл көліктен қашу мақсатында кө­лік рөлін қапталға қарай дереу бұр­ған. Сол кезде салонда болған 49 адамның 8-і сол заматта жан тап­сырса, тағы үшеуі кейінірек ау­ру­ханада көз жұмған. Автобуста Қа­зақстан, Өзбекстан, Тәжікстан аза­маттары болыпты. Айыпты деп танылған автобус жүргізушісі 5 жыл жазасын өтегеннен кейін та­ғы 7 жыл көлік рөліне отыра ал­­майды. Сондай-ақ зардап шегу­ші­лердің қорына 40 мың теңге төл­еуге міндетті.

Екінші оқиға – Қарағандыдағы «Древний Рим» кафесіндегі кісі өлі­мі. Жаппай төбелестен соң 23 жас­тағы қазақ жігітінің көз жұмуы қо­ғамның наразылығын тудырып, тіп­ті Фейсбуктің қазақ тілді сег­мен­ті бұл оқиғаны бірнеше апта бойы бақылауында ұстаған еді. Оқиға туралы соңыра тарқатайық, әзірге кімнің айыпты екенін, оның қанша уақытқа сотталғанын айтып өтейік. Қылмыстық іс бойын­ша бір емес, бірнеше адам жауапқа тартылған. Соның ішінде Қарағанды облыстық сотының ше­шімімен Юсиф Нурулу 19 жыл­ға қамалған. Тағы 4 адам 3 жыл­ға сотталса, 6 адамға шартты түр­де жаза кесілген. Екі айыпты тарап­тардың татуласуы арқасында босатылған. Жалпы, судья Шәріп Сейсембаев 13 адамды айыпты деп таныған. Төбелеске қатысқан 14-і кінәлі Нарек Гурурян қазір Ресейден экстрадицияланады деп күтілуде. Видеода оның пы­шақ ұстап жүргені байқалады екен. Осыған дейін Гурурян өзін Қа­зақстан билігіне бермеу туралы Жо­­­ғарғы сотқа өтініш ұсынған.

– Видеоматериалдарды қарап отырып, тіпті жағдайдан бейхабар адамдардың өзі оқиғаның қалай өрбігенін біле алады. Иә, ол жерде ештеңе анық көрінбейді деп пікір айтқандар да болды. Бірақ белгілі жағ­дай: төбелестен кейін барлық 32 адам мейрамхана ішіне қайтып кір­ген. Мейрамхана камералары ар­қылы кімнің қалай қарай қаш­қаны ап-анық көрініп тұр, – дейді су­дья Шәріп Сейсембаев.

2019 жылдың қаңтар айында бол­ған осы оқиға қоғамда үлкен ре­зонанс тудырып, бірқатар аза­мат­тық белсенділердің араласуына тура келді. Жаппай болған төбелес ке­зінде ауыр пышақ жарақатын ал­ған 23 жастағы Рақымжан Жан­сейіт көз жұмса, тағы үш адам жа­ра­ланған.

Тіпті, қарағандылықтар кінә­лі­лерге жазасын беруді талап етіп, митингке де шықты. Толқыған топ­ты басу үшін сол кездегі облыс әкі­мі Ерлан Қошанов халық ал­дына шығуға мәжбүр болған. Ара­да бірнеше сағат өтпей жатып оқи­ға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіні шарлап кетті де, бұл туралы бүкіл Қазақстан ха­­­бардар болып шыға келді. Ары қа­рай бұл төбелестің қазақтар мен армяндар арасында болған қақ­тығыс екен деген нұсқасы көбі­рек айтыла бастады. Кейінірек оқи­ғаға Ішкі істер министрлігі рес­ми түсініктеме беріп, төбелес­ке армян азаматтарының қа­тыс­­қа­ны расталды. 6 қаңтар күні Қа­рағандыдағы армян қауым­дас­тығының төрағасы Артур Навасардян қазақстандықтарға үндеу жолдап, қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып, төбелестің тұр­мыстық келіспеушіліктен туын­дағанын, екі ел арасына жік түс­пеу керегін айтып, татулыққа ша­­қырды. Ал 7 қаңтар күні іздеу жа­­рияланған Нарек Гурурян ви­деоүн­деу жасады. Онда армян жі­гіті жауапкершілік арқалауға дайын екенін, алайда өзі ешкімді өл­тірмегендіктен басқаның күнә­сін арқалай алмайтынын айт­қан. Ол Қазақстан құқық қорғау ор­ган­дарын әділ зерттеу жүргізуге ша­қырған. Гурурянның тағдыры қа­лай болатыны әзірге дейін бел­гі­сіз.

«Древний Рим» ісі бойынша ха­лыққа әділ әрі ашық ақпарат та­рат­қан азаматтық белсенді Айсұл­тан Жақыпов әлеуметтік желіде пі­кір қалдырған.

«Древний Рим» ісі бойынша сот шешімі оқылды. Сот Нурулы Юсиф­ке 19 жыл берді. Кісі өлі­мі­мен кетіп тұрған жалғыз адам – осы. Нурулының анасы шешім оқыл­­ған сәтте талып қалды. Есін жиған соң «Балам кінәлі емес. Қарғыс атсын сендерді» деп жылап, өз ойын айтты. Бұл кісі­нің екінші ұлы сот шешімімен бос­­тандыққа шығады. Қалғандары 3-4 жылға кетті. Тер­геу барысында отырғандарын есеп­ке алғанда бұлар кемінде 8-9 ай­да босап шығады.

Шартты түрде 3-4 жыл алып, бүгін босап шығатындар бар. Бұлар – видеода марқұм бауы­ры­­мыздың қасына жоламағаны анық­тал­ған­дар. Бұл жерде жапа шеккен тарап­тың кешірім беріп, шегініп кет­кені де үлкен рөл ойнап тұр. «Жы­ландар жықпылына айналған ба, қырандар бір кездері салған ұя?» – Исрайл ағамыздың осынау өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр» деп жазады ол.