Сайлау бойынша семинар өтті

Газет мақаласы Айқын газеті №73

Бүгінде елімізде Қазақстан Президентін сайлау бойынша дайындық  жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Осыған орай, Түркістанда сайлау заңдылығын насихаттау бойынша ашық семинар өтті. Семинар мақсаты – БАҚ өкілдерінің сайлау заңдылықтарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау.

Сайлау бойынша семинар өтті

Облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаевтың төрағалы­ғы­мен Қазақстан Республикасы Пре­зидентін сайлау бойынша БАҚ беттерінде сайлауды ақпа­рат­тандыруда заңдылықты сақтау жөнінде семинар өтті. Семинарды облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Аталған семи­нарға облыстық сайлау комис­сиясы төрағасының орынбасары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен сөз алған облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев ОСК тарапынан жүргізіліп жат­қан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ семинарда Түркіс­тан облыстық Ішкі саясат басқар­масының басшысы Бейсенбай Тәжібаев БАҚ-та сайлауды ақпа­раттандыру жөніндегі заңдылық­ты сақтау бойынша баяндама жа­сап, журналистер қауымына сайлау науқанында БАҚ өкіл­дерінің ресми тіркелу мәселесін атап өтті.

«Еліміздегі маңызды қоғам­дық-саяси процесті БАҚ мұқият қарап, белсенді түрде ақпарат таратқаны дұрыс. Бұл тұрғыдан бірқатар редакцияның белсен­ді­лігі орташа деңгейде қалып отыр. Сондай-ақ қоғам сұранысына орай жаңа медиа талабымен жұ­мыс жүргізу керек. Аудандық және облыстық БАҚ өкілдері сай­лауға дейін 7 жұмыс күні бұ­рын жеке куәлігін және жұмыс жа­сайтын редакциясының сай­лауға қатысты бағыттамасын алып, өздеріне тиісті сайлау ко­миссиясына барып аккреди­та­циядан өтуі тиіс. Арнайы тіркеу­ден өткен тілшілер сайлау күні учаскелерден ақпарат тарата ала­ды», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Келесі кезекте сөз алған ақпа­раттық-талдау орталығының ди­ректоры Сейдулла Айкөзов сайлау тақырыбы жөнінде БАҚ-қа шолу жасады.

Журналистер қауымы және әкімдік өкілдерінің еркін фор­мат­та өзара пікір алмасуынан соң Қа­зақстан Журналистер одағы­ның Түркістан облыстық филиа­лының төрағасы Ғалымжан Ел­шібай 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері кү­ніне орай өткізілетін спартакиада туралы хабарлама жасады. Биыл жарысты 10 спорт түрі бойынша облыс және Шымкент қаласы­ның журналистері бірлесе өткі­зуге келісті. Спартакиаданың ашылуы 14 маусым күні Түркіс­танда бас­талып, 22 маусым күні Шым­кент­те қорытындыланатын болады.

Жиын соңында облыс әкі­мінің орынбасары М.Отарбаев халықты елімізде маусым айында өтетін президент сай­лауына жергілікті тұрғындардың барын­ша қатысуын қамтамасыз ету және БАҚ-та заңдылықтарды қа­таң сақтауда белсенді болуға шақырды.


Түркістан облысы