Қайырымдылық дүкен ашылды

Газет мақаласы Айқын газеті №73

Түркістанда әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар үшін «Тегін қайырымдылық дүкені» жұмысын бастады. Дәлірек айтқанда, әр аптада қайырымды қалталы азаматтар тарапынан 40-50 адамға көмек көрсетілмек.

Қайырымдылық дүкен ашылды

«Тегін қайырымдылық дүкені» облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің бас­­тамасымен қолға алынып отыр. Шараға қала әкімі Ә.Өсербаев, кәсіпкерлер мен БАҚ өкіл­дері қатысты. Сауабы мол істің тұр­ғын­дар игілігі үшін қажет­ екенін айтқан қала басшысы Әліпбек Өсербаев өз тарапынан қолдауға дайын екенін жеткізді.

«Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс істейді. Мұнда қала­ның 8 шағынауданының көше комитеті төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасы­ларға азық-түлік, киім-кешек қа­же­тіне қарай берілетін бола­ды. Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көпбалалы және тұрмы­сы төмен отбасылар енгізіледі», – деді облыстық ақсақалдар алқа­сы­ның төрағасы Ж.Әзірет­бер­генов.

Қазіргі таңда дүкенде 2 тонна азық-түлік, 4 мың дана киім бар. Негізінен дүкеннің қоры қаладағы демеушілер есебінен толық­ты­рылады. Дүкен қаламыздағы әл-Фараби көшесі №26 үй мекен-жайында орналасқан.

 

Түркістан қаласы