Халыққа тиімді жүйе

Газет мақаласы Айқын газеті №74

Елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы (умный пешеход) жүйесі қосылды. Жүйенің ерекшелігі – түн баласы жолдан өтетін жаяу жүргінші жолға түскен сәтте жол жамылғысы жарықтанады.

Халыққа  тиімді жүйе

«Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысындағы Сарыа­ғаш қаласын ақылды қалаға ай­нал­дыру мақсатында Smart city – Saryagash жобасы әзірленген бо­латын. Осы жоба аясында бүгінгі таңда республикада алғаш рет Са­рыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы жүйесі қосылды.

Жобаның ерекшелігі – жүр­гіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Цифрлы жүйе жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш дат­чиктері іске қосылып, жол жа­мылғысы жарықтанады.

Жергілікті тұрғындардың ай­туынша, Сарыағаш қаласында пайдалануға берілген бұл ақылды жаяу жүргінші жолы тұрғын­дар­дың жол қауіпсіздігін сақтауына үлкен септігін тигізуде. Елдің қа­­уіпсіздігіне арналған жүйе ал­дағы уақытта халық көп жүретін ма­ңызды жаяу жүргіншілер жол­да­рына орналастырылатын болады.

 

Түркістан облысы