Сиыр ұрлағандар сиқыршы емес, ұсталды!

Газет мақаласы Айқын газеті №77

Жамбылдық полиция қызметкерлері облыс орталығы іргесіндегі Жамбыл ауданында болған 15 бас мүйізді ірі қара мал ұрлығының ізін суытпай ашты.

Сиыр ұрлағандар сиқыршы емес, ұсталды!

14 мамыр күні Бесағаш ауылының тұрғыны Бескепе құм аймағында шаруа қожалығының жайылымынан 15 бас сиыры ұрланғанын айтып, арызданған болатын. Шаруа жалпы көлемі 2,2 миллион теңгедей шығын көрген еді. Полицейлер жедел-іздестіру нәти­жесінде ұрланған малды тасыған жүк автокөлігін тапты. Қылмыс ізі оқи­ғаға Байзақ ауданы Құмжота ауылы тұрғынының қатысын көрсетті. Ол өзінің танысының, осы аудандағы Сарыкемер ауылының тұрғынының өтініші бойынша жайылым­ға барғанын және онымен бірге малды Жуалы ауданының Қайрат ауылына жет­кізгенін мәлімдеді. Сондай-ақ қыл­мысты ұйымдастырушы Тараз қаласы­ның тұр­ғыны оған машина табу керегін айтқан. Сонымен қатар ол ұрлыққа қатысу­шы­лардың барлығын өз мақ­са­ты­на пай­да­ланған, яғни ұрланған малды өзінің малы ретінде көрсетіп, Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы туысын малға уақытша қа­рап, таудағы өз ма­лына қосып бағуды өтініп сұраған екен. Қазіргі уақытта ірі мал ұрлығын жасаған күдікті өз кінәсін мойындап, Жамбыл АПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Мал басы иесіне қайтарылып, осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр дейді құзырлы сала маман­дары.

 

Жамбыл облысы