Өмірді жеңілдету жолдары

Сарымсақтың иісінен қалай құтылуға болады? Ащы бұрыш көзге тисе не істеуге болады? Жұмыртқаны домалақтап құуыру үшін не қажет? Міне, осы сұрақтардың жауабын осы жерден таба аласыз...

Өмірді жеңілдету жолдары

Ащы бұрыш көзге тиіп, күйдіріп бара жатса, сүтпен жуып жіберген жөн. Ал егер ащы бұрыш қолды күйдірсе, алдымен зәйтін майымен сүртіп, сабынмен жуып жіберу керек.


Қолда қалып қалған сарымсақтың иісін күміс қасық кетіреді. Ол үшін суық судың астында қолды күміс қасықпен үйкеп жіберсе болғаны.


Таңғы асқа тоңазытқыштан сары майды шығарғанда дұрыс кесілмей, нанға жағылмай әуреге салады. Сондықтан қатып тұрған майды үккіштен өткізіп жіберсе, нанға жағылуы да оңайға түседі.


Жұмырқаны қуырғанда домалақ пішінін сақтап қалу үшін пиязды дөңгелектеп кесіп, соның біреуін қызып тұрған майға салып, үстіне жұмыртқаны құйып жіберсе жеткілікті.


 Пияз турағанда көзден жас еріксіз шығады. Кейбірі ол кезде жасты тоқтата алмайды. Сондай кезде сағыз шайнап жіберсе, көздің жасы сап тыйылады

Суреттер интернеттен алынған