«Ашық әкімдік» форматына ауысты

Газет мақаласы Айқын газеті №87

Шымкент қаласы әкімдігі халыққа қолайлы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсыну мақсатында «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеуді қолға алды. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы аясында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың бастамасымен жүзеге асып отыр.

«Ашық әкімдік» форматына ауысты

Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қаба­тынан ашылған «Халықпен қызмет» орталығында тұрғын­дар үшін арнайы электронды кезек залы қызмет ете бастады. Онда мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік са­ла­лар мен құрылыс, жол сынды мәселелері бойынша кеңес бе­ріп, қызмет көрсететін бола­ды. Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен банкоматтар және төлем терминалдары, ар­найы e-gov порталына қосыл­ған терминалдар орнатылған.

Сонымен қатар мұнда қала әкімі мен орынбасарлары тұр­ғын­­дармен «Ашық диалог» фор­матында жұмыс істеу үшін құ­рыл­ған open space залдары құ­рылған. Онда қала әкімі жә­не оның орынбасарлары өз сала­лары бойынша апта сайын аза­­маттарды жеке мәселелері бойын­­ша қабылдайтын бола­ды.

Шымкент қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы, 10-үй ме­­кенжайында орналасқан атал­ған орталықтың жұмысы – мем­лекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіру және басқару жүйесінің тиім­ділігін арттыру.


Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы