Орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты

Осы жылдың 1 маусымында базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ынтымақты және базалық) 85 785 теңгені құрады. Бұл жөнінде халықпен есеп беру кездесуі кезінде  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты

«Өткен жылы біз базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерттік. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80 пайызға артты», – деді министр.

Оның айтуынша, өткен жылы зейнетақыны ресімдеу тәртібі  жеңілдетілді. Егер бұрын төлем тағайындау үшін 4 өтініш тапсыру қажет болса, қазір халыққа қызмет көрсету орталығына бір өтініш ғана беріледі. 

Сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымындағы азық-түлік емес бөліктердің үлесі 40-тан 45 пайыға көбейтілді. Нәтижесінде, шамаға байланысты әлеуметтік төлемдер 3 млн қазақстандық үшін 16 пайызға дейін өсті.

2018 жылы 6,1 млн астам жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды.  2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен,    асыраушысынан  және жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері   30 пайызға артады.