Жақсы жолда алаң болма

Газет мақаласы "Айқын" газеті №100

Жолдардың сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне, экономиканың дамуына ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ елдің әлеуметтік-саяси жай-күйінде де маңызды рөл атқарады. Көлік жолдары кеңейген сайын мемлекеттің өркендеуінің, халықтың әл-ауқатының жаңа көкжиектері, зор мүмкіндіктері ашыла түседі.

Жақсы жолда алаң болма

«Көшің көлікті болсын!» деп бата береді қазақ. Қазақ жерінде ат қолға үйретілгелі бері кез кел­ген мемлекеттің экономикасы кө­ліксіз табысты дами алмай­ты­ны, көші қарқынды ілгерілемей­тіні мәлім болды. Көліксіз өнер­кәсіп кәсіпорындары қалыпты жұмыс істей алмасы, жабдықтау мен жеткізілімдер жүзеге аспасы, өңіраралық сауда алға баспасы анық. Ал жақсы жолдарсыз көлік­тің де адымы ашылмайды.

Жаңа экономикалық аудандар мен кен орындарын игеруде де ав­токөлік жолдарының маңызы үлкен. Онсыз мемлекеттің қор­ғаныс қабілеті де қамтамасыз етіл­мейді. Осылайша, автожол­дар­дың ахуалы белгілі бір шамада мемлекеттің өркениетінің деңге­йін білдіреді. Мамандардың ай­туынша, автожолдардың даму қарқыны елдің экономикалық өсу серпініне сәйкес болуға тиіс.

2019 жылғы автомобиль жол­дарының сапасы бойынша мем­лекеттер рейтингінде (Quality of roads) Қазақстан 138 елдің ішінде 115-ші орынға орналасты.

Биылғы жылы да бірнеше жыл қатарынан Біріккен Араб Әмір­лік­тері көшбасшы атанды. «Он­дыққа» сондай-ақ Сингапур, Швей­цария, Гонконг, Нидер­лан­ды, Жапония, Франция, Пор­ту­галия, Австрия және АҚШ кірді. Бұлардың басым көпшілігі жер аумағы шағын мемлекеттер.

Ал Қазақстандағы жолдардың сапасын сарапшылар Моңғолия, Уганда, Эфиопиядағыдан да тө­мен бағалады.

Посткеңестік кеңістіктегі мем­лекеттер де рейтингтің соңғы жа­ғына жайғасты. Мәселен, Ре­сей 114-ші орында тұр. Тек Арме­ния ғана жоғарырақ, 85-ші орынға тұрақтады. Мамандардың байла­мынша, әлемдегі ең нашар жолдар Гаити, Конго және Мауританияда екен.

Айта кету керек, Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын әлемдегі экономиканың жай-күйі туралы төл баяндамасы аясында төрткүл дүниедегі тәуелсіз ел­дер жолдарының сапасы ту­ралы деректер жинайды. Ол жа­һандық бәсекеге қабілеттілікке (Global Competitiveness Report) ықпал ететін көрсеткіштердің бірі саналады. Бұл ретте сарапшылар бір елдің бүкіл аумағындағы жол жабынғысының сапасына ортақ баға береді.

Әйтсе де, Индустрия және ин­фра­құрылымдық даму ми­нис­трі Роман Склярдың дерегінше, «Бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінде» автомобиль жолдары жағдайының рейтингі статисти­калық көрсеткіштері бойынша Қазақстан 59-шы орында. Со­нымен бірге, ол «арнайы сауал­нама тәсіліне сәйкес, халықтың жергілікті жолдардың жағдайына қанағаттану деңгейі бойынша Қазақстан небары 106-шы орында тұрғанын» растады.

Қазақстанда автокөлік жол­дарының жалпы ұзындығы ша­мамен 146 мың шақырымнан асады. Әйткенмен, соның 96 мың шақырымы ғана ортақ пайда­ла­нуға берілген автокөлік жолдары­ның желісі саналады. Оның үлкен бөлігі жөндеу мен қалпына келті­руді қажет етеді.

– Республика жолдарының үлкен бөлігі кеңес кезінде, өткен ғасырдың 60-80 жылдарында сол замандағы нормативтік талап­тарға сәйкес жобаланып, салын­ған. Алайда Кеңес Одағында автомобильдің әр бірлігіне түсетін жүктеме 6 тоннадан аспайтын деңгейде бекітілетін. Қазіргі уа­қытта бұл көрсеткіш 8–10 тоннаға дейін өсті. 2005 жылдан бері елі­міздегі жол құрылысы мен ре­конструкция 13 тоннаға дейінгі жүктеме есебімен жүргізілуде. Қазақстан арқылы өтетін барлық халықаралық дәлізде жол сапасы І-ІІ техникалық санаттан төмен емес, – дейді экономист ғалым Мира Көшімова.

Тәуелсіздік жылдары Қазақ­стан 12,5 мың шақырым автожол­ды жаңадан төседі және реконс­трукциялады. Жүзеге асырылуы тамамдалуға таяған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында да біраз жұмыс атқарылды.

Бүгінде Индустрия және ин­фра­құрылымдық даму министр­лігі елдегі жолдарды жақсарту бо­йынша ел Президенті қойған міндетті іске асыруға кірісуде.

– Біздің ведомство сайлауалды бағдарламаны іске асыруда екі бағыт бойынша жауапты болып белгіленді: бұлар – «Қолжетімді баспана» және «Бірінші класты инфрақұрылым». 2019 жылдың соңына дейін біз 2020-2025 жыл­дарға арналған үш негізгі мем­ле­кеттік бағдарламаны, атап айт­­қанда, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және Индустриялық-инно­ва­ция­лық даму бағдарламаларын әзір­леп, қабылдауға тиіспіз. Қазір бар­­лық үш бағдарлама дайын және келісу сатысына шықты, – дейді Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрі Р.Скляр.

Оның мәліметінше, жаңа «Нұр­лы жол» бағдарламасы ая­сын­да шамамен 7 мың шақырым жолды қайта жаңарту жоспар­лануда.

Посткеңестік кеңістіктегі мем­лекеттер де рейтингтің соңғы жа­ғына жайғасты. Мәселен, Ре­сей 114-ші орында тұр. Тек Арме­ния ғана жоғарырақ, 85-ші орынға тұрақтады. Мамандардың байла­мынша, әлемдегі ең нашар жолдар Гаити, Конго және Мауританияда екен. 

Бұдан бөлек 11 мың шақырым республикалық маңызы бар авто­жолдарды жөндеу қарастырылған.

– Жергілікті маңызы бар 35 мың шақырым автожолға бар­лық жұмыс түрлері, яғни жөндеу, құрылыс және реконструкция жүргізілетін болады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы рес­публикалық маңызы бар жол­дар­дың үлесі 100%-ға дейін, ал дәл осындай жағдайдағы жер­гілікті маңызы бар жолдардың үлесі 95%-ға дейін жетеді, – дейді ми­нистр Р.Скляр.

Министрліктің дерегінше, жергілікті желілердегі жолдарға республикалық және жергілікті бюджеттен тең негізде 150 мил­лиард теңгеден астам қаржы арна тартатын.


Сондай-ақ оқыңыз

Биыл қосымша қаражаттың бөлінуі есебінен қаржылан­ды­ру көлемі 200 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылуда. Нәтижесін­де, 2025 жылдың аяғына қарай 35 мың шақырымға жуық жол жөнделуге тиіс.

Жолдарды жөндеу бойынша жобалар тізбесі жасалған. Мұн­дағы негізгі күш ауылдық елді­мекендерді дамытуға бағытталып отыр.

Биылғы жылы жол-құрылыс жұмыстарына 100 мыңнан астам адам жұмылдырылуда. Соның ішінде жергілікті желілерде 20 мыңға жуық адам «екі қолға бір күрек» тапты. Алда қосымша 5 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Үкіметтің биылғы наурыздағы бір отырысы «Нұрлы жол» бағдар­ламасын жүзеге асырудың алдын ала қорытындыларына арналған болатын. Сонда хабарланғандай, 2015-2019 жылдарға арналған «Нұр­лы жол» аясында кең ауқым­ды автожол жобаларын іске асыру жалғасуда.

Мембағдарламаны іске асыру басталғалы бері оның аясында 2 400 шақырым республикалық маңызы бар жол төселген және қайта жаңғыртылған.

Биыл 4 400 шақырымдай жол қайта жаңғыртылады. Соның ішінде Қарағандыдан Алматыға дейінгі және Ақтөбеден Ресей шекарасына дейінгі (Астраханға қарай) жол телімдерінде құрылыс жұмыстары басталуда.

Министрдің сендіруінше, жыл соңында реконструкция­ланған 654 шақырым автожолда қозғалысты ашу жоспарланып отыр: ұзындығы 441 шақырымдық «Нұр-Сұлтан–Павлодар», 85 ша­қырымға созылып жататын «Бей­неу–Ақжігіт», 80 шақырымдық «Щучинск–Зеренді», 73 шақы­рымдық қашықтықты байланыс­тыратын «Жетібай–Жаңаөзен», 20 шақырымдық төтелей жолды ашатын «Таскескен–Бақты» жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Прези­денті қызметіне ресми кірісу рә­сіміндегі сөйлеген сөзінде осы саланы дамыту мәселесіне жеке тоқталды.

– Маңызды, халықты маза­лай­тын мәселелердің бірі – жол­дардың сапасы. Сол себепті, авто­жолдардың жағдайын жақ­сар­ту – біздің негізгі мақсаттары­мыздың бірі, – деді Қ.Тоқаев.

«Жолдар – экономиканың кү­ретамыры» деген қазіргі за­ман­ғы нақыл бар. Көптеген ауылдық елдімекендер үшін автожолдар басты әрі жалғыз қатынас арнасы болып отыр. Ендеше, олардың жағдайын жақсарту – ауылды гүлдендірудің негізгі бір шарты болмақ.