Қазақстанға 2 келідей героин әкеле жатқан Тәжікстан азаматы ұсталды

Қазақстанға 2 келіге жуық героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанға 2 келідей героин әкеле жатқан Тәжікстан азаматы ұсталды

 29 маусым күні «Атамекен» кеден бекетінде  Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған, 1967 жылы туған Тәжікстан азаматы айдап келе жатқан ақ түсті «Nexia»   жеңіл автокөлігі шекаралық және кедендік бақылау жүргізу үшін тексеріп қарау алаңына орналастырылады.  «Ламар» ныспылы қызметтік ит автокөліктің жанар-жағар май ыдысы орналасқан тұсынан  белгі береді. Бірлескен тексеру тобы май құю багының тұсынан қосымша жалғанған ыдысқа ұқсас темір контейнер қорапты байқайды.  Оның ішінде скотчталған, шамамен салмағы 2 келілік екі орама табыл ды. Көлік жүргізушісі орамада ақ түсті ұнтақ «героин» екенін, Тәжікстаннан Шымкент қаласына жеткізу үшін  ақы алғанын  айтқан. Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша барлық материал Мақтаарал аудандық Ішкі істер басқармасына жіберілді. 

Тұмар Мырза