Арыс: әрбір сектордың жұмысы жіті қадағалауда

Газет мақаласы "Айқын" газеті №104

Арыс қаласындағы жөндеуді қажет ететін үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыратын болды.  Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің тапсырмасы осындай. Әкім сондай-ақ құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытында атқарылуы керегін де шегелеп айтты.

Арыс:  әрбір сектордың жұмысы жіті қадағалауда

Облыс әкімі Өмірзақ Естай­ұ­­лы Арыс қаласындағы құры­лыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысы­мен танысты. Ол әрбір облыс құры­лыс жүргізіп жатқан тұр­ғын үйлерді аралады. Өңір бас­шы­сы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшы топпен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажет екенін айтты.

Кейін Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеу­ден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көрді. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы бар­лық құрылыс-жөндеу жұ­мыс­тары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енетінін жеткізді.

Айта кетерлігі, Арыс қала­сы­ның аумағы 17 секторға бө­лін­­ген. Оның ішінде, Жам­был облысына 11 көшеде орналас­қан 327 жеке тұрғын үйді қал­пы­на келтіру жұмыстары жүк­тел­ген. Бұдан бөлек, 14 әлеу­мет­тік және коммерциялық ны­сан­дар бар. Қазіргі таңда жам­былдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үй­лерді қалпына келтіру жұмы­сына белсене кіріскен. Соның нәтижесінде, 5 жеке тұр­ғын үйдің жөндеу жұмыс­тары толық аяқталып отыр. Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жам­былдық 16 құрылыс компа­ния­сының 180 құрылы­с­шысы жұмыл­­дырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқаруда.

Сонымен қатар облыс әкімі Атырау облысына қарасты 1-сек­тордың жұмысымен та­ныс­­ты. Атыраулық аймаққа 450 нысан қарайды. Батыстық 9 ком­паниядан 200-ге жуық жұ­мыс­­шы жөндеу жұмыстарына бел­сене кіріскен. Өмірзақ Шөкеев құры­лыс жұмыстарын уақы­тында сапалы етіп аяқтау­ды тапсырды.

Түркістан облысы