Есі кеткен есек ұрлайды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №113

Алматы облысының полициясы есек ұрлауды үйреншікті әдетке айналдырған 30 жастағы азаматты ұстады. Шекаралы аймақта орналасқан Ұйғыр ауданының шеткерірек ауылдарының бірі Үлкен Диханда белгісіз жан бір түнде он есекті қолды қылған. Қайда салса да беті қайтпайтын, бейнетқор әрі көнбіс малдың иелері амалы қалмағандықтан, тәртіп сақшыларына шағымды қардай жаудырған.

Есі кеткен есек ұрлайды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердеің ай­туынша, Ұйғыр ау­дан­дық полициясы ұйымдастырған жедел іздестіру шаралары нәтижесінде аудан орта­лығы Шонжы ауы­лының тұрғыны есек ұрлады деген күдік­пен қолға түседі. Бұлтара ал­маған ол ұрлаған есек­терін Талғар ауда­нының Алматы қала­сы­ның маңына орналас­қан ауылдары­ның бі­рін­­де арзымайтын баға­ға сатып жібергенін жайып салады. Сатып алушы да анықталып, ұрланған есектер заңды иелеріне қайтары­лып­ты.

Қозғалған қылмыс­тық іс аудандық поли­ция өндірісінде. Тергеу барысында ұрының басқа да қыл­мы­старға қатысы бо­йын­ша тек­серу жүр­гі­зілуде. Соны­мен бірге, ұрлан­ған малды сатып алу­шыға қатысты жауап­кершілік мәселесі де қаралып жатыр.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы