2020 жыл "Волонтерлер жылы" деп жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды волонтер жылы деп жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

2020 жыл "Волонтерлер жылы" деп жарияланды

«2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған қаулыда.