Еңбек еткеннің еңсесі биік

Газет мақаласы "Айқын" газеті №133

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер» деген ата-бабамыз ықылым заманнан мал шаруашы­лығын ерекше бағалаған. Төрт түлікті береке бастауы деп түсінетін қазақ мал өсіру арқылы толағай табыстарға жеткен. Малдың еті кисең – киім, жесең – тамақ ретінде қажетке жараған. Елбасы қашанда ел әлеуетін арттыру мақсатына арналған жоба­ларды, оның шінде мал шаруашылығын дамыту мәселесін өз назарынан тыс қалдырған емес. Бұл мәсе­лені іске асыруға байла­нысты жиі тапсырмалар да берілді. Кәсібін кеңейткісі келген кәсіпкерді қолдайтын бірнеше бағдарлама да бар. Бүгінде осы бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелетіп әкеткендер де жетерлік. Соның бірі – Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреч­ный ауылының тұрғыны Гүлнәзия Бөкенбаева.

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Бұрыннан екі-үш төлін кө­бей­туге күш жұмсаған халық бүгінде бірте-бірте кәсіпкерлік саласына бет бұрып, атадан қалған мұраны одан ары жетілдіруге, табыс, кә­сіп көзіне айналдыра бастағаны рас. Ауыл әкімдігі мен кәсіпкерлік па­латасының кеңестеріне, осы ба­ғыттағы түрлі мемлекеттік бағ­д­ар­ламаларға жүгінген шаруа ие­лері мал басын көбейтуге ай­тар­лықтай машықтануда. Ке­йіп­ке­рі­міз Гүлнәзия да азаматы Ыбырай­мен екеуі мал бағуды қолға алып, от­басылық қиындығын ең­серген. Бүгінде берекесі тасыған әулеттің түтіні түзу ұшып, маңдай термен жұмыс күшін жеңілдету үстінде.

Оның жеке кәсіп бастауға бел буып, қожалықтың жұмысын қол­ға алғалы биыл үш жылдан асты. Кәсіпкер болғандықтан, ол өз ісінің қыр-сырын терең зер­делей біледі.

– «Орайы келсе, орақ ор» деп хал­қымыз бекер айтпаса керек. Біз де өз шаруа қожалығымызды құрып, мал шаруашылығымен айналыса бастадық. Содан бері осы кәсіпті дамытып, соның не­сібесін көріп отырған жайымыз бар. Құдайға шүкір, дербестіктің көк туы желбірегелі бері еліміз жыл санап өсіп-өркендеп, олқы­лықтардың орнын артығымен тол­тырып жатыр. Тек біз ғана емес, алғашқы жылдары тоқы­рау­ға ұшыраған жергілікті шаруа қо­жалықтары бүгінде біраз қор жинап, тындырымды тірліктер атқарып, еңселерін тіктей түсті. Біз де малымыздың санын өсіріп, жұмысымызды арттырып, табы­сымызды еселеп отырмыз, – дей­ді Гүлнәзия Бағдатқызы.

Кез келген кәсіпті аяғынан тік тұрғызу оңай шаруа емес. Қандай да бір қиындықтарға кезігесің. Кәсіпкер Гүлнәзия Бөкенбаева да бизнесі тәй-тәй баса бастаған кезде біршама қиындыққа тап болды.

– Алғашында бәрі қиын болды. Өйткені бар жиған-тер­генімізді осы кәсіпті ашуға жі­бердік. Соның бәрі зая кетсе, күніміз не болмақ деген күдікті сезім биледі. Алайда азға қа­нағат етіп, бар күш-жігерді кәсіп­кер­лікті дөңгелетіп әкетуге жұм­садық. Құдайға шүкір, қазір қа­жырлы еңбектің арқасында кә­сіп­керлер сапына қосылып, ең­бе­гіміздің жемісін көріп отыр­мыз, – дейді қожалық басшысы.

Күн өткен сайын табысы мо­лайған кәсіпкерліктің ғана бола­шағы жарқын, несібесі мол ­бол­мақ. Бұл қағиданы кәсіп­кер ­ер­лі-зайыптылар жақсы түсіне­­ді. Сондықтан болар, былтыр ­«Сы­баға» бағдарламасы ар­қылы 39 миллион теңге не­сие алды. Бұл қаржыға 45 бас сиыр сатып алып­ты. Қалған қаржыға тір­шілікке қажетті техикалар сатып алған. «Мал – баққанға бітеді» дейді. Қазір қолда бар малын бағып отыр. Алған қаржысын он бес жылда толық өтейтініне олар кәміл сенімді. Қожалық бүгінгі күні үш аза­матты тұрақты жұмыс­пен қам­тып отыр.

Күн өткен сайын табысы мо­лайған кәсіпкерліктің ғана бола­шағы жарқын, несібесі мол ­бол­мақ. Бұл қағиданы кәсіп­кер ­ер­лі-зайыптылар жақсы түсіне­­ді. Сон­дықтан болар, былтыр ­«Сы­баға» бағдарламасы ар­қылы 39 миллион теңге не­сие алды. Бұл қаржыға 45 бас сиыр сатып алып­ты. Қалған қаржыға тір­шілікке қажетті техикалар сатып алған.

Қожалықта мал азығын қам­дау бойынша туындап отырған қиындық байқалмайды. Мал жа­йылымы және азық дайындауға берілген шабындық та бар.

«Сыбаға» бағдарламасының шарттары шаруалар үшін тиімді. 70 млн теңгеге дейінгі несиелер 15 жылға беріледі. Пайыздық үс­темесі – жылына 14%. Мемле­ке­тің субсидиясын есептегенде жылдығы 4% ғана. Несиелік қа­ражатты шетелден ірі қара малды, жергілікті ұсақ малды, сонымен қатар қажетті техника мен құ­рылғыларды сатып алуға жұмсау­ға болады.

Жалпы, Гүлнәзия бұл жұ­мысты отбасылық кәсіп деп есеп­тейді. Көмекшілері ұл-қыздары. «Бір ұл, бір қызым бар. Ұлым І топ мүгедегі. Қазір қасы­мызда. Өмір­дің өзі күрестен тұрады ғой. Осы баланы емде­теміз, қиындыққа мойымаймыз деп жүріп, өзіміздің қалай қа­жырлы, қайратты адамға айна­лып кеткенімізді сезбей қал­дық десек, сенесіз бе? Өмірге кел­ге­нің де, өмірді сүргенің де ешкімге міндет емес. Біреуге алақан жа­йып отыратын қоғам да емес. Адам өзінің күшіне, білі­міне, адал еңбегіне ғана сенетін уақыт. Адам ерінбей еңбектенсе, ойын­дағысының бәрі орын­да­лады дер едім», – дейді ол.