Көпқабатты үйді төрт-ақ айда салатын болды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстанда көпқабатты үйді төрт-ақ айда салатынын хабарлады.

Көпқабатты үйді төрт-ақ айда салатын болды
Сурет интернеттен алынды
Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысқан кезінде айтқан болатын.

Модульді үй құрылысы – тұрғын үй салудың заманауи озық технологиясы. Бұл негізінен Германия, Сингапур, Қытай сынды елдерде қолданылады. Ол ғимараттарды тез, сапалы салуға мүмкіндік береді екен. Мысалы, таза әрленген 16 қабатты бір кіреберісті тұрғын үйді  әдетте 12-18 ай салынады. Осы технология арқасында небәрі 4 айдың ішінде тұрғызуға болады. 

"Құрылыс секторы – Қазақстан экономикасының ең серпінді дамып келе жатқан саласы, өсімі 11,5% құрайды. Бұл жоба халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді", — деді ол. 

Соңғы мәліметке сәйкес, зауыт 700-ден астам жұмыс орнын құруға жол ашып, жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік бермекші.