Тан тұра алмаса да, табыс табады (фото)

Оның бар арманы – отбасын құрып, суретімен табыс тауып, анасын қамтамасыз ету.

Тан тұра алмаса да, табыс табады (фото)
Сурет интернеттен алынды

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан ештеңе келмейді деп қабылдау дұрыс емес. Себебі, олардың арасында өнерлісі қаншама?! Соның ішінде өнерімен елге танылып, елді тамсандыртқандары да бар. Міне, сондай қызбен танысалық...




Вьетнамның орталығында Хюэ таулы аймағы бар. Сол шет ауылда мүгедек қыз тұрады. Есімі – Хайн Ти Тан, 27 – жаста.


Ол ДЦП-ның ең ауыр формасымен ауырады. Бұл дегеніміз – Тан қозғалмақ түгілі, орнында отыра алмайды. Сөйлеуі де қиын.

Қолынан келетіні тек сурет салу. Онда да суретті ол аяғымен салады. Қарандашты бақайына қыстырып алып, аяғымен салуды әбден икемделіп алған.

Оның бар арманы – отбасын құрып, осы өнерімен табыс тауып, анасын қамтамасыз ету.

Қазір Тан анасымен бірге тұрады. Оны күтетін де, қарайтын да – анасы. Ол қызының өмірге деген қызығушылығын үзбеу үшін оның суреттерін сатып алып жатқан кейіп танытады.


Анасының бұл өтрігі қашан басталды дейсіз бе? Бірде анасы әрқашан сурет салып отыратын қызынан «Тоқтаусыз неге сурет сала бересің» деп сұраса, Тан «сенің күріш сатып алуыңа, үйді жөндеп алуыңа көмектессем деймін» деген екен.

Міне, содан бастап анасы қызының суреттерін арғы бөлмеге шығарып, үстіне ақша қойып, оған сатып алғанның белгісін жасайды. Сондай кезде Танның жүзі бал-бұл жанып, қуанады екен.


Ақпарат https://bigpicture.ru сайтынан алынды