Сәкен Ділдахмет, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы: Киікті қорғауға арналған мораторий ұзартылады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №138

Ақбөкен – Қызыл кітапқа ен­беген жануар. Ресми дерек­тер бойынша, 2015 жылға дейін 180 мың киік қырылды. Осы­дан кейін мемлекет бұл ­жа­нуар­ды қорғау үшін 2020 жылға дейін мораторий жария­лаған болатын

Сәкен Ділдахмет, Орман шаруашылығы және жануарлар  дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы: Киікті қорғауға арналған мораторий ұзартылады

– Биыл жазда біраз орман алқабы мен далалық жер­­лерде өрт көп болды. Өрттің тұ­та­ну себебі неде? Тіл­сіз жаудан зардап шеккен ау­мақтар толық қалпына кел­тірілді ме?

– Жыл басынан бері рес­пуб­лика бойынша аумағы 65 мың гектар болатын 499 орман өрті тіркелді. Өрттің бірінші себебі – антропогендік. Адам­дар өрт қауіпсіздігі ережесін сақ­та­май жатады. Жаздыгүні бә­ріміз табиғатта демалғанды жақ­сы көреміз. Мәселен, оты сөн­діріл­меген темекі тұқылы – өрттің бір себебі. Еліміздің Батыс, Шы­ғыс аймақтарында орманға найзағай түсіп, өрт шығатын жағдайлар кездеседі.

Жалпы, елімізде наурыздан бастап қараша айына дейін өрт­тің қаупі жоғары кезең са­на­лады. Күн жылынған уа­қыт­та шөп өртеу ісі басталады. Ауыл шаруашылығы жұмыс­тар­ында да қауіпсіздік техни­касы дұрыс сақталмай, өртке себеп болып жатады. Кейде трактордан немесе комбайн­нан ұшқын пайда болып, өрт шы­ғады. Ол далаға, орманға қа­рай жайылуы мүмкін. Мұн­дай кезде жергілікті атқарушы ор­гандар, төтенше жағдайлар департаменті дер кезінде жұ­мыс істеуі керек.

Қазақстанда 120 орман ша­руа­шылығы бар. Олар жер­гі­лікті атқарушы органдармен тығыз байланыста. Жыл сайын өрт қаупі жоғары болатын ке­зеңнің қорытындысын шыға­рамыз. Орман шаруашы­лы­ғының материалдық-техни­калық базасының әлсіз болуы да өрттің бір себебі болып отыр. Арнайы техника болуы қа­жет. Мысалы, тракторлар, өрт сөндіруге арналған көлік­тер. Алайда облыстық әкім­дік­тер техниканы жаңарту бо­йын­ша жұмыстар атқарып жат­­қанын айта кету керек. Өрт­ті тез арада ауыздықтау үшін осы мәселені шешуіміз қажет.

Жыл басынан бері орман өртінен келген жалпы шығын 221 млн теңге болды. Өрт сөн­дірілгеннен кейін қылмыстық іс қозғалып, оның себебі анық­талады. Ары қарай аумақты қалпына келтіру жұмысы қолға алынады. Өкінішке қарай, орман және дала өрті жануар­лар дүниесіне кері әсер етеді.


– Жануарлар дүниесіндегі сирек кездесетін жан-жа­нуар­ларды қорғауда қандай жұ­мыстар атқарылып жа­тыр?

– Экология, геология және табиғи ресурстар министр­лігіне қарасты Орман шаруа­шылығы және жануарлар дү­ниесі комитеті еліміздегі өсім­діктер мен жануарлар дү­ние­сіне жауап береді. Оларды қор­ғау, қайта өсіру – біздің не­гізгі жұмысымыз. Комитетте 14 облыстық аумақтық орман шаруашылығы инспекциясы бар. Онда мемлекеттік инспек­торлар жұмыс істейді. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен киік­ті қорғайтын арнайы ме­кеме бар.

– Киіктің қырылуы өзекті мә­селеге айналды. Алайда мем­лекет киікті қорғау бо­йын­ша 2020 жылға дейін мо­раторий жариялады. Осы мо­ра­торийді ұзартудың қа­дам­дары қашан жасалады?

– Ақбөкен – Қызыл кітапқа ен­беген жануар. Ресми дерек­тер бойынша, 2015 жылға дейін 180 мың киік қырылды. Осы­дан кейін мемлекет бұл ­жа­нуар­ды қорғау үшін 2020 жылға дейін мораторий жария­лаған болатын. Қазір комитет киік­ті қорғауға арналған мора­торийді ұзартуға не­гіздеме әзірлеп жатыр.

Біздің мақсатымыз – киіктің санын көбейту, браконьерлікке тосқауыл қою. Өйткені оның мүйі­зіне сұраныс көп. Жануар­дың азайып, жаппай қырылу се­бебінің бірі – ауруға шал­дығуы. Сол себепті Қазақстан биоа­луантүрлілікті сақтау қа­уым­дастығы мамандарымен бір­лесіп, олардың ауру ошағын анық­тауда жұмыс жүргізіп жатыр. Олардың қырылу себе­бін анықтау үшін ғылыми-зерт­теу жұмысын жүргізуді же­дел­детуіміз керек. Бүгінде киік­тің саны – 334 000. Өткен жылмен са­лыстырғандағы өсім көрсет­кіші – 51%.

– Каспий теңізінде ит­ба­лық­тар жиі қырылады. Ха­лы­қа­ралық табиғат ұйымы бұл теңіз жануарын қорғалуға тиіс топқа енгізді. Ал біздегі жағдай қалай?

– Осы жылдың шілде айын­да Қазақстан мен Ресей ғалым­дары бірігіп әзірлеген бағдар­ла­маға сәйкес, енді Каспий теңі­зінің экологиясы, ондағы ба­лық түрлері, олардың қан­дай ауруға шалдыққаны толы­ғымен зерттелетін болады. Осыған орай екі мемлекет бір әдіспен жұмыс істеп, итба­лық­та­р­дың санағын жүргізеді. Қа­зір елімізде итбалықты зерт­теуге, қорғауға арналған арна­йы орталық ашылды.


Итбалықтың қырылуы – еліміздегі өзекті проб­лема. Қыста Каспийде өте үлкен кемелер жүреді. Итбалық не­гізі мұзда төлдейді, терісі түлеп біткенше жүзе алмайды. Үлкен кемелер өткен кезде тап­тап кете береді. Сосын балық аулау кезінде браконьерлік тор­ға түсіп, өліп те жатады. Осын­­дай фактілер көп кезде­седі. Мұның алдын алу үшін жұмыстар басталды.

Теңіз сүтқоректісі болған­нан кейін оған ауа жұту керек. Ол су астында 20 минутқа де­йін ғана демалмай жүзе алады. Итбалықты аман сақтап қалу үшін осы орталық ашылды. Кез келген Ақтау, Маңғыстау қала­сының тұрғыны Каспий жаға­лауынан ауру итбалықты кез­дестіретін болса бізге хабар­ласуына болады. Біз оларды бір­ден оңалту орталығына жі­береміз. Каспийдегі итба­лық­ты зерттеу, қорғау бойын­ша Экология министрлігі ал­дына үлкен мақсат қойып отыр. Алғашқысы – популяциясын зерттеу, олардың ауру ошақ­та­рын анықтау. Экологиялық ұйым­дар тарапынан Қазақ­стан­да итбалықты қорғауға арналған арнайы аумақ құру ту­ралы ұсыныс түсіп жатыр. Бұл қорық немесе резерват болуы мүмкін. 

– Инспекторлардың қа­уіп­сіз­дігіне қаншалықты көңіл бөлінген? Олар браконьер­лерден қалай қорғанады?

– Әрбір мемлекеттік инспек­тор­дың жұмысына қажетті құ­­рал-сайманы, техникасы бо­ла­ды. Олардың қару-жарағы да бар. Бірақ оны қолдануда бел­гі­лі бір шектеулер қойыл­ған. Олар құқық қорғау орган­дары сияқ­ты қару қолдана алуы үшін заң­намаға өзгеріс­тер енеді. Қа­зір осы мәселе қаралып жатыр.

– Әңгімеңізге рақмет!


Сұхбаттасқан
Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ