Түркістанда ең тәуір қонақүй өртенді

Түркістан қаласында орналасқан Royal Grand қонақүйінде өрт шықты. Ең бастысы, адам шығыны жоқ,– деп хабарлады облыстық ТЖД.

Түркістанда ең тәуір қонақүй өртенді

Түркістан облыстық ТЖД-нің басшысы Нұрғали Жүнісовтің мәлімдеуінше, тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі 1400 шаршы метр. Күйік шалған бірнеше адам жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Өрт туралы алғашқы мәлімет ТЖД-ға 18:05- да түскен.

Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Өртке қарсы қызмет департаментінің 75 қызметкері қатысты және 17 арнайы техника жұмылдырылды.


Тельман Бейсенов