Smart Turkistan форумында дамудың аспектілері талқыланады

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі Мәдениет сарайында Түркістан облысын цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» форумы жұмысын бастайды.

Smart Turkistan форумында дамудың аспектілері талқыланады
Фото: aigak.kz

Форумға ақылды қалаларға арналған бағдарламалық қамсыздандыру шешімдері мен құрылғыларды жеткізушілер, ЖОО-лар, ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті бизнес-қауымдастығы, облыс, қала және аудан әкімдіктерінің басқармалары мен бөлімдері, сонымен бірге Түркістан облысының тұрғындары қатысады.

«Smart Turkistan» форумында цифровизация бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасы, қызмет көрсету үлгісі, мемлекеттік-жеке серіктестік және т.б. өзара қарым-қатынастың тиімді үлгісі ретінде Vendor Management Office (VMO) арқылы АКТ - шешімдерді жеткізушілермен жұмыс істеудің ашықтығын енгізу таныстырылады.

Сонымен бірге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік бағыт, көлік және қауіпсіздік, урбанистика, мәдениет, дін және туризм, мемлекеттік басқару және басқа да тақырыптар бойынша пікір-талас ұйымдастырылады.

«Smart Turkistan» форумы облыс алдында тұрған міндеттер мен жоспарларды анықтауға, Түркістан облысының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылауға және күрделі аймақты жоюға мүмкіндік береді.