Арендалық үй кімдерге беріледі?

Елімізде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету ережелері бекітілді.  Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша, 29 жасқа дейінгі адамдар жалдамалы баспанаға ие бола алады.

Арендалық үй кімдерге беріледі?

 

·        Ең алдымен жастар мектепті бітіріп, техникалық, орта, жоғары білім алып, тұрақты жұмысқа тұру қажет.

 

·        «Басым санаттарға жататындар: жас отбасылар, нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімінен кәсіпті игерген азаматтар, жас кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері», – деді Мадияр Қожахмет.

 

·        Бағдарлама басталғаны туралы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдігінің сайттарында хабардар етілуі керек.

 

·        Құжат өткізіліп, тексеріліп болған соң өтініш берушілердің ұпайлары есептеледі.

 

·        Құжаттар: өтініш, куәліктің көшірмесі, білімі туралы құжаттың көшірмесі, неке туралы куәліктің көшірмесі (егер болса), балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері (егер болса), өтініш беруші мен барлық отбасы мүшелері үшін жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама.

 

·        Сондай-ақ өтініш берушінің ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-тен (101 мың теңге), еңбек өтілін растайтын құжаттар, банк шотының бар-жоғы туралы анықтама және банктік шоттағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтама, сондай-ақ соңғы алты айдағы кірістер туралы анықтама қажет.

 

·        Өтініш берушінің қызметтің әртүрлі салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

 

·        Егер құжаттардың толық емес жиынтығы ұсынылса, бір жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды қосымша ұсынуға болады.

 

·        Жалдамалы тұрғын үй бес жылға беріледі. Егер сіз 29 жаста болсаңыз, сіз бұл пәтерде 34 жасқа дейін тұра аласыз.

 

·        Нұр-Сұлтан қаласында 1050 пәтер, Алматыда 1050 пәтер, Шымкентте 904 пәтер беру жоспарлануда.

 

·        Болжалды жалдау – айына 10-12 мың теңге.

 

·        Жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сіз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қорына, Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша хабарласуыңыз керек.

 

·        Құжаттарды қабылдау – 2019 жылдың қарашасынан бастап электронды форматта өтеді, телефондары: 8 (7172) 79-34-50, 79-34-62 (63), Алматы қ. - Қоғамдық даму департаменті, телефон: 8 (7272) 62-27-08, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі бөлім, телефон: 8 (7252) 24-74-37.

 

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі тұрғын үйлерді жыл соңына дейін беруді бастайтындықтарын айтып отыр.