Архимед комсомолды аңсай ма?
Қостанай көшелерінде ретро машиналар шеруі өтті. Бұл – комсомолдың 101 жылдық мерейтойына арналған іс-шара. Коммунистік партияның об­лыс­тық комитетінің бірінші хатшысы Асқар Өмірзақов шараны ұрпақтар сабақ­тас­тығына балап, дәстүр мен ел тарихын сақтау үшін ұйымдастырғанын ай­тыпты.  
Он үйге – бес дүкен мемлекеттік бағдарламаның «нәтижесі» осындай
2011 жылдан бері жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 800 млрд теңге бөлінген. Бірақ жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан төмендемей тұр. Бұл туралы депутаттар «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында айтты.
Армандағы полицейдің бейнесі
Заманауи полицей – ол кім? «Қазіргі заман поли­цейі – қызметке шын берілген өз елінің патриоты. Ол азаматтардың, қоғамның және тұтастай мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, заң­ды­лық, әділеттілік қағидаттарын басшылыққа алатын кәсіпқой» дейді Ішкі істер министрлігі. Бұл ІІМ әзір­леген «Полицей стандартында» бекітілген.
«Жеңістің» жеңісі
Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған «Нұр капитал» бірегей жобасы қолға алынған. Бұл жобаның ерекшелігі сол, несие мөлшерлемесі 1 пайыз ғана. Бұл жоба өңірдегі кәсіпкерлердің бағын ашты деуге бо­лады. Ауыл-аймақтағы шағын және орта бизнестің да­муына мүмкіндік беретін жоба бойынша несие алғандардың бірі – Мұнайлы ауданында спорт кешенін ашып, талай жастың кеудесіне жеңістің үміт дәнін сеуіп жүрген кәсіпкер Ақмейір Мырзағалина.
Өңдеудегі олқылық
Өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртарап­тан­дыру жайлы айтылып келе жатқанына он шақты жыл­дың жүзі болды. Ел экономикасының шикізатқа және сол арқылы әлемдік нарыққа тәуелді болмауы осы саланы дамытуға байланысты. Өнімді тереңдетіп өңдеп, дайын тауарлар өндіріп, оны экспортқа шығару арқылы бюд­жеттің бүйірін бұлтитуға әбден болады. Сол үшін осы бағытта қаншама бағдарлама қабылданып, кластерлік жүйені енгіземіз деп біраз әрекет жасалды. Бірақ әлі көңіл көншитіндей нәтиже жоқ. Бұлай деуімізге не себеп?
2,7 миллион адам еңбек нарығынан шығып қалады
2025 жылға қарай 2,7 миллион адам еңбек нарығынан шығады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарыбасов айтты.
Мейрамханасы көп, автотұрағы жоқ...
Елімізде күн санап көліктің көбеюі адамдар­дың жайлы өмір сүруіне дұрыс болғанымен, зияны мен зардабы шаш етектен болып тұр.
Біріншіден, көбейген көлік жол апатын жиі туды­рып, қара жолда қаза та­ба­тын­дардың  санын арт­ты­рып жатқаны жасы­рын емес. Одан кейін, әрбір кө­ліктен ауаға шығарылып жатқан зиянды қоспа­лар­дың шектен тыс көбейіп жат­қанын  айтпағанда қа­ла­дағы көлік кептеліс­тері де талайдың жүйкесін жұ­қар­тып, алтын уақытын ұрлайды.
Бақытнұр ОТАРБАЕВА, Алматы Менеджмент университетінің (Alma U) профессоры: Жастарға күмәнмен қарауды үйреттік
Бақытнұр Отарбаева есімі көпшілікке жақсы таныс. Әсіресе, білім мен ғылым жолында жата-жастана ізденген жастар оны өзіне ұстаз тұтады. Руханият пен ғылымға сіңір­ген еңбегі орасан. Бір ғана Қазақстан қоғамында қалып­тастырған ұлттық дебат қозғалысын айтсақ та жетіп жатыр. Оның тәлімін терген жастар қазір қоғамның әр саласында, негізінен журналистика мен ғылымда елеулі жетістікке қол жеткізуде. Осы орайда, өзімен аз-кем тілдестік.
Айдос Садуақасов, саяси ғылымдар кандидаты: Медиация дамыса да, адвокаттар жұмыссыз қалмайды
«Дау мұраты – бітім» дейді біздің қазақ. Осы бағытта бүгінде билер соты мен татуластыру орталықтары әр аймақта жұмыс істеп жатыр. Дегенмен соңғы кезде арызқойлардың қарасы көбейген. Ішінара өнбес мәселені даулайтындар да жетіп артылады. Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен дау-дамайды сотқа дейін шешу мәселесінде бірнеше пилоттық жоба жүзеге асты. Соның бірі – медиация қызметін жандандыру. Нәтижесінде, екі тараптың татуласып, түсіністікпен қарап «алдына келсе, атасының құнын кешіп» жатқандар да бар. Медиаторлардың нәтижелі жұмысы жайында Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасовпен сұхбаттастық.
Күн суытады
Қазанның соңғы күндері Қазақстанда күн суытады деп күтіліп отыр,– деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.