Тілсіз жау күй таңдамайды
19 қазан – құтқарушылар күні. Құтқарушылардың қоғамдық өмірде атқаратын рөлі зор. Халықтың бейбіт өмірін, тұр­мыстағы, өндірістегі қауіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға ең бірінші болып көмекке жететін – төтенше жағдайлар қызметінің құтқа­ру­шылары. Біз осынау сала ма­ман­дарының кәсіби мерекесіне орай Шымкент қалалық төтенше жағ­дайлар департаментінің бас­шысы, азаматтық қорғау пол­ков­нигі Нұрболат Дербісовті әңгімеге тартқанбыз.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
ҚРКФ төрағасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен кездесуде еңбек қауіпсіздігін сақтау мен  қазақстандық және шетелдік  жұмысшылар жалақысының бірдей деңгейде болуы мәселесін көтерді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сирияда 14 қазақстандық лаңкестікті насихаттаған
Сирияда 14 қазақстандық лаңкестік әрекетке қатысып, әрекетке тартып және өзге де ауыр қылмыстар жасады деп айыпталды.
9 айда Қазақстаннан қанша адам кеткен?
Осы жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 31 287 адам кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3550 адамға көп (27 737 адам) деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі статистика есебіне сілтеме жасаған Central Asia Monitor .
Букмекерлік кеңселер оқшау жерге көшіріледі
Үкіметтің бастамасымен биыл «Ойын бизнесі» туралы заңға өзгерістер енгізіледі.
Университет қаптаған, қайда маман мақтаған?
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов­тың: «қате диагноз қой­ған дәрі­герлер қатаң жауап­кершілікке тар­тылмауы тиіс» деп кесіп айтқан сөзі есі­мізде.
Әскерге баратын кім?
Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күні республикамыздың қорғаныс саласының әскері 70% келісімшарт бойынша қызмет ететіндерден жасақталған. Қалған құрам көктемгі және күзгі маусымдарда мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен толығады. Әйтсе де, әскерге іріктеу қандай талап бойынша жүзеге асады, әскерге бармай, әскери билетті алудың жолы бар ма?  
Үш мың адам ағаш екті
Қарағанды облысында бір күн­де 6 500 ағаш отырғы­зыл­ды. Үш мың тұрғын ағаш егу акциясына қатысты.
Вагонда дүниеге келген Көзайым
Алматы қаласындағы №12 емхананың дәрігері, Nur Otan партиясының мүшесі Индира Қалқабаева «Жезқазған – Алматы» арасында қатынайтын пойызда орын алған қызықты оқиғасымен бөлісті. Ол әңгіме барысында түс мезгілінде күпеге жолсерік жүгіріп кіріп келгенін, оның «жолаушылардың ішінде медбике немесе дәрігер бар ма?» деп сұрау салғанын айтты. Көрші вагондағы аяғы ауыр әйелдің халі нашарлап, шұғыл дәрігерлік көмек керек болғанын естіген Индира көмек қолын созуға барады. Аяғы ауыр әйелдің жанына келіп, аты-жөні мен жүктілік мерзімін, бір сөзбен айтқанда, дәрігер-гинекологтар білуге тиіс мәліметтердің барлығын сұрап алғаннан кейін іске көшеді.
Елдікке бастар ерлік сабақтары
Тәуелсіз елдің туын тік ұс­тар, ел қорғаны болар аза­мат тәрбиелеу қашанда жауапты іс саналған.  Бұл міндет жал­пы­ға ортақ – өз елінің патрио­тын тәрбиелеу әрбір отбасы мен мемлекет­тің ортақ жұ­мы­сы. Балаға отансүйгіш қа­сиетті сіңірудің жолы көп. Сон­дай бір тамаша тәсіл – ер­лік сабақтары. Қазан айы­ның алғашқы жексенбі­сін­де аталып өтетін Ұстаздар күнін­де қорғаныс саласының өкіл­дері еліміздегі мектептерде Ерлік сабақтарын өткізіп, әдемі дәстүрдің негізін қалады.