Қазақстанда азық-түлік бағасы ЕАЭО елдеріне қарағанда жылдам өсіп жатыр
Қазақстанда азық-түлік тауары бір жыл ішінде 9% қымбаттаған, бұл көрсеткіш Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі көрсеткіштен жоғары,– деп хабарлайды LS.
Дінтанушы: Балалардың «Ахи неге сақалың жоқ?» деген сұрақтары тосырқатты
«Жусан» операциясы бойынша Сириядан оралған отандастарымызбен оңалту орталықтарында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанынан бәріміз хабардармыз. Бірақ бейімдеу орталығындағы әрбір кейіпкердің шетел асып, жат ағымның жетегінде кету хикаясы әртүрлі. Осы орайда Сириядан оралған қазақстандықтармен оңалту орталығында жұмыс істеген дінтанушы – Балғабек Әбдіқайымұлымен болған сұқбатты оқырман назарына ұсынамыз.
Бас қаланың бейнесін қалай айқындаймыз?
Елбасы маркетингтік коммуникацияларды тиімді ету үшін туристік аймақтарды белгілеп берген болатын. Яғни, елімізде қай аймақтарда туризмді дамытқанымыз дұрыс екені анықталған. Алдағы уақытта сол жерлерді барынша танымал етіп, турист үшін тартымды ету қажет. Нұрсұлтан Назарбаев Алматының тау кластері, Нұр-Сұлтан қаласы, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар-Имантау курорттық аймағын атап өтті. Соның ішінде еліміздің бас қаласын барынша жақсарту керек. Өйткені туризм саласы ақсап тұр.
Алматы инфрақұрылымы: Қателіктер мен жеңістер
Тұрғындар саны 2 миллионға жуықтайтын, күнделікті 500 мыңға жуық адам кіріп-шығатын Алматы сияқты алып қаланың жүйелі тәртібін, даму бағытын қалыптастыру да оңайға түспейді.
Бәсекеге қабілетті адам – ректор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындары ректорларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Жарлыққа Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академия­сының ректорларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібі енді.
Еңбек майдангерлері қайда?
Еңбек  ердің атын шыға­рады. Ертеңгі күніне сенім сыйлайды. Жаңа белеске көтереді. Кеңес Одағы кезінде ерен еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілетін. Атаққа иелер күн-түн демей егіс даласында жүргендер, мыңғыртып мал айдаған­дар. Қарасаңыз, дені атақ­ты ауыл шаруашылы­ғы, агроөнеркәсіп сала­сын­да алған. Осыған қарап қазақтың икемді тұсын байқайсың. Сол жылдары ғылым мен техника да ауыл шаруашылығы арқылы дамыған деседі.
Кері тартқан қай өңір?
Қазақстандағы басқа шауып, төске өрлеген қымбатшылық Үкімет белгілеген инфляциялық дәлізді бұзып шығуға шақ қалды. Бұдан бұрын инфляция 4-6% аралығында құрықталып ұсталатыны мәлімделген болатын. Алайда Үкімет отырысында биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша оның жылдық мәні 5,4%-ға жеткені жария етілді.
Өз тұрмысыңа ризасың ба?
Қазақстандықтардың 60 пайызы өз өмір деңгейіне қанағаттанады. Бұл жайында Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялаған «2019 жылдағы Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасы» атты зерттеуінде айтылған. Әрине, әлеуметтік желілерде ағындаған арыз-шағымдар, кейбір қоғам өкілдерінің наразылық білдіру үшін көшеге шығып кетуі, тіпті атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждардың көбеюі бұл көрсеткіштің шынайылығына шүбә келтіруге негіз болатындай.
Каршеринг қолданып жүрсіз бе?
Алматыда каршеринг қызметінің іске қосылғанына жылға жуық уақыт болып қалды.
Беттер: 1 2 3 4 Келесі