Желтоқсанда электр энергиясы қымбаттайды

Бір айдан кейін республика бойынша электр қуатының бағасы орташа есеппен 6 пайызға қымбаттайды. Өңірлерде өсу деңгейі әр түрлі болады.

Желтоқсанда электр энергиясы қымбаттайды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, соңғы бес жылда көмір 100-122 пайызға өскен. Ол электроэнергияның өзіндік құнының 45-50 пайызын құрайды. Газ 14 пайызға қымбаттаған. Мазуттың құны 25 пайызға артқан.

«Электроэнергия мен жылумен жабдықтаудың тарифіне көмір, газ бен мазутттың бағасы тікелей әсер етеді. Көмір мен мазут бағасы бәсекеге сай реттелсе, газ – энергетика саласының құзыретінде»,– дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Ерболат Ыбырайханов.

Комитет төрағасы айтып өткендей, теміржол көлігі қызметі бағасының 41 пайызға өсуінің өзі электроэнергия бағасына әсер етеді.

«Сол себепті, тиісті мемлекеттік органдар реттемейтін, бағасы бәсекеге сай өзгеретін тауарлар қымбаттаған кезде, реттелетін қызметке ықпалын етеді», – дейді Ерболат Ыбырайханов.

Әзірге олар өсе ме, жоқ па кесіп айту қиын. Өтінімдер тек 2020 жылдың екінші жартысында келіп түседі.

Тариф белгілеу процессіне реттелетін және реттелмейтін факторлар әсер етеді.

Реттелетін факторлар:

1.     Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына тарифтердің өсуі және жаңартылатын энергия көздерінің әсері (ҚР Энергетика министірлігі бекітеді);

2.     Тауарлық газға көтерме бағалардың жыл сайынғы өсуі ( жылда ҚР ЭМ 15,7 пайызға дейін бекітіледі);

3.     Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер тарифтерінің өсуі (2020 жылдан бастап тарфтің шекті деңгейінің 2 пайызға өсуі, одан әрі темір жол тарфтерін саралаудың өзгеруі);

4.     Мемлекеттік баждардың, салықтардың және басқа да төлемдердің (оның ішінде экологиялық) өзгеруі.

Реттелмейтін факторлар:

1.      Стратегиялық тауарлар құнының өсуі: көмір және мазут (жыл сайын жеті пайыз);

2.    Энергия өндіруші компаниялардың негізгі қорлары құнының өсуіне алып келмейтін күрделі және ағымдағы жөндеулер (жыл сайын жеті пайыз);

3.    Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу қорын индекстеу (жыл сайын жеті пайыз);

4.    Қуат нарығы (инвестициялық келісімдер шеңберіндегі жобалар бойынша).

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар