Нан жыл басынан бері 11,3 қымбаттады

Қазақстанда нан бағасы жыл басынан бері 11,3%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Нан жыл басынан бері 11,3 қымбаттады

Министрлік мәліметінше, бағаның айтарлықтай өсуі Орал (27,8%) мен Атырауда (23,3%) байқалған. Ал, Алматы, Семей және Петропавлда Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, нан бағасы көтерілген жоқ.

Нұр-Сұлтанда айырмашылық небары 0,7% құраған. Басқа қалаларда баға кем дегенде 9% өзгерді.

«Министрлік бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу үшін ұн және «әлеуметтік нан» өндірушілеріне 46 іс-әрекет бойынша бәсекелестікті қорғаудың бұзылу белгілері бар екендігі туралы хабарлама жіберді. Монополияға қарсы органға оның себебі хабарланбаған жағдайда заң бұзушылық фактілерін анықтау бойынша тергеу басталады», - делінген хабарламада.