Бәсекеге қабілетті адам – ректор

Газет мақаласы "Айқын" газеті №128

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындары ректорларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Жарлыққа Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академия­сының ректорларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібі енді.

Бәсекеге қабілетті адам – ректор

Жарлыққа сәйкес аталған мекемелердің бірінші басшы­ларын тиісті саланы жетекш­ілік ететін уәкілетті органдар та­ғайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді ірік­теу конкурс негізінде жүргізіледі. Енді білігі мен білімін ұштастыра білген ректор Үкімет қаулысымен тағайындалады. Бастысы – рек­торлыққа үміткердің білім сала­сындағы тәжірибесі мен жасы. Жақында құзырлы министрлік бағдарлама дайындап, кон­курс­тың қалай өтетінін жариялайды.

Жаңа тағайындау тәртібі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қа­зақ ұлттық техникалық зерттеу университеті,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аг­рар­лық университеті, Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық меди­циналық университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Қазақ ұлттық қыздар пе­дагогикалық университетіне қатысты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында ұлттық универ­ситет басшыларын байқау негі­зінде бекіту жайын айтты. Ми­нистрдің пікірінше бұл шешім ректорлар арасындағы бәсекені арттырады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл – маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлт­тық жоғары оқу орындары рек­торларын ҚР Президенті таға­йындап келді. Бұл шешім сол кез­дегі ірі жоғары оқу орында­рына басқару және академиялық дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ жұмысының мысалында ұлттық университеттердің жұ­мысына Білім және ғылым ми­нистрлігі тікелей араласпауды көздеді. Мұндай саясат өз нә­тижесін берді. Дегенмен бәсе­кенің жоқтығы және «Президент тағайындауы» мәртебесі оқу ор­нының дамуына оң ықпалын тигізбейді. Сонымен қатар өткен жылы Академиялық және бас­қару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты бар­лық жоғары оқу орындары қо­сымша өкілеттіктер мен еркін­діккке қол жеткізді. Сол себепті, Мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орын­дары ректорларын кон­курс­тық негізде тағайындау туралы ше­шім қабылдады. Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артық­шы­лықтарға қол жеткіземіз? Бірін­шіден, ашық конкурс. Бұл ке­зеңде ректор лауазымы канди­да­турасы талаптарына сәйкес ке­летін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады. Екіншіден, айқындылық. Бар­лық кандидат тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгіме­ле­суден өтеді. Үшіншіден, бағ­­дарламалар сайысы мен бәсе­келестік. Бұдан ары Білім және ғылым министрінің төрағалы­ғымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған «Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары» жобаларын қарастырады. Төртіншіден, қоғам алдын­дағы жауапкершілік.

Мемлекет басшысының тап­сырмасы сөзсіз жүзеге асыры­латын болады. Өз тарапымыздан, өткізілетін конкурстардың ай­қындылығы мен адалдығын қам­тамасыз ету үшін бар күші­мізді саламыз» деп жазды ми­нистр Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетов аталған жүйені жаңа механизмге балады. Дұрыс-ақ. Көпшілік конкурс ұйымдастырылатынына қуанды. Себебі, универ­ситет басшы­лығына білімімен қатар іскерлігі келіскен тұлға керек. Осыған байланысты министр парақ­шасында қарапайым қолданушы да, Кембридж түлегі де пікір қалдырыпты.

Асхат Аймағамбетов аталған жүйені жаңа механизмге балады. Дұрыс-ақ. Көпшілік конкурс ұйымдастырылатынына қуанды. Себебі, университет басшы­лығына білімімен қатар іскерлігі келіскен тұлға керек. Осыған байланысты министр парақ­шасында қарапайым қолданушы да, Кембридж түлегі де пікір қалдырыпты.

«Ректорларды университет қызметкерлері мен оқытушы құрамы және студентер сайлауы керек. Бұл – уақыт пен заманның талабы» дейді ҚазҰМУ оқыту­шы­сы Ғани Садыров. Кемб­ридж­де білім алған Нұрмұхаммед Досыбаевтың ойынша жаңа реформа білім жүйесін дамы­тудағы Президенттің сәтті қа­дамы. Ұлттық университеттердің өркендеуіне қосар үлесі бар жүйе. Желі қолданушысының төмендегі ойы кез келгенді тол­ғандырады. «Білім және ғылым министрлігі конкурс туралы ақ­паратты барынша тарату қажет. Конкурс біз қалағандай кең ау­қымда өтпеуі мүмкін. Бір орын­ға өз ісін нақты білетін 20-30 үміт­керден түйіндеме түсуі ке­рек. Сонда бәсеке болады, кон­курс талабы күшейеді» дейді ол.

Қоғам қайраткері Рахман Алшанов ашық конкурсты қол­дайды. «Ашық конкурс өткен жерде бәсеке күшейеді. Бәсеке бар жерде нәтиже бірден білінеді. Халық сенімі артады. Есеп беру жүйесі жолға қойылады. Қазірдің өзінде бірнеше ректор ауысты. Университеттерде Бақылау ке­ңесі жұмыс істейді. Конкурсқа үміткерлерді Бақылау кеңесі ұсынатын болады. Қызылордада 14 адам ұсынылыпты. Жақсы көрсеткіш.

Ұлттық университеттер шетелмен байланыс орнатады. Жалақылары да басқаларына қарағанда жоғары. Бетке ұстар оқу орны екендерін дәлелдеуі қажет. Қаншама студенттің шетелдік байқауға қатысқанын, жаңалық ашқанын естиміз. Нәтижесі қайда? Мақсат тек байқауға қатысу болмауы керек. Ашқан жаңалығын өндіріске жіберу – ұлттық университеттің еншісінде. Жарнама күйінде қалатын дүние көп. Техникалық, гуманитарлық ғылым төңіре­гін­дегі жаңалықтар нәтижесін беретін күн жетеді. Бәріне дәлел, негіз, талап деңгейінде қарайтын боламыз» дейді Рахман Алшанов.

Президент Жарлығы жаңа бастамаға жол ашты. Ендігісі – конкурс бағдарламасының құ­рылымы. Осындайда «білімі мен білігі келіскендер қатыса алады» деген еске түседі. Аграрлық уни­верситет басшылығына мә­дениет саласында өнімді еңбек еткен тұлға кандидат бола ала ма деген сұрақ туады. Бағдарлама талабында осы жағдайды ескеру керек секілді. Басшы болатын адам университет тынысынан хабардар болғаны жөн. Көп­шіліктің топшылауы да осыған саяды. Екіншіден, университет менеджментін дамыту. Бәсекеге қабілетті білім ошағын құру. Түйіндемеде университет стра­тегиясы жөнінде пунк болғанын қалайтындар көп. Бірнеше тіл білетін, белгілі жоғары оқу орын­дарын бітіргендерді бас­шылықтан көргісі келетіндер бар екен. Үшіншіден, А.Байтұр­сы­новтың ұлт және оның мүд­десі парадигмасы. Ұлт мүддесі жо­лында қызмет ететін тұлға өз ісін абыроймен атқарары бел­гілі. Бұл Аймағамбетов ұсын­­ған төртінші пункпен бай­ланысты. Жауап­кершілік ұлт­тық мүддемен астас­қанда жұмыс нәтиже береді.

Ұлттық университет дегені­міз – елдің айнасы. Халықаралық деңгейде қауқар көрсететін оқу орны. Демек, ректоры талапқа сай болу керек. Осы тұста жаңа Жарлық көмекке келеді. Білім және ғылым министрлігі алдағы уақытта конкурс құжаттарын дайындайды. Нәтижесінде, ашық қоғамда бәсекеге қабілетті ректорларды көретін боламыз.


Айбике ЖАНАСЫЛ