Жомарт Ертаевты қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды

Алматыда кәсіпкер Жомарт Ертаевті қамауға алу мерзімі өзгенің  мүлкін заңсыз пайдалану немесе ысырап қылды деген күдікпен ұзартылды,– деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жомарт Ертаевты қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды
© фото Tengrinews.kz

«Алматы қалалық тергеу соты 3 қазанның шешімімен Жомарт Ертаевты қамауға алу санкциясын екі айға 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартты»,– деп хабарлаған мекеменің баспасөз қызметі.

Жомарт Ертаев өзінің қызметтік құзыретін пайдаланып «Bank RBK» АҚ-нан 144 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Алайда, ол өз жауабында «ешқашан Qazaq Banki акционерлерінің немесе басқару органдарының мүшесі болмағанын» мәлімдеген.

2018 жылдың наурызында ол халықаралық іздеулер тізіміне қосылды. Оны 2018 жылдың мамырында Мәскеуде ұстады, ал 2019 жылдың наурызында Қазақстанға алып келді. Сот Ж.Ертаевты қамауға алу санкциясын бірнеше рет ұзартты.