Доменіңіз қай тілде?
Ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің мәселесі аз жазылған жоқ.  Жиындар қашан қазақша өтеді,  қызмет көрсету орындары неге орыстілді,  латын қарпіне көшу, тіл мамандарын айтпағанда, қарапайым жұртты бейжай қалдырған емес. Тіл жанашырлары мекеме маңдайшасынан қате көрсе, дабыл қағуды әдетке айналдырды. Сол әдет мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ашқан сайын  бой көтеретін болды. Себебі, ол сайттар­дың домен тілі әртүрлі.
Сүт өнімдеріне сұраныс бар ма?
Басқа-басқа дәл Қазақстан сүттен тарықпауы тиіс еді. Ежелгі ертегілерді оқысақ та, өткен ғасырдағы деректерге көз жүгіртсек те желіні сыздаған сиыр туралы суреттеулерге жиі тап боламыз. Қазақ құрт пен май алып, ірімшік пен қауынқақты күнге жайып сүт өнімдерін қалай алудың бабын жақсы білген. Алайда қазіргі жағдай дәл сол кездегідей – бабы келіскен, бақуатты деп айтуға келмейді. Әрине, сиырды, жылқы мен түйені жайып, жем-шөбін әзірлеп, сүтін сауып, онысын сатып, не ішіп жарып отырғандар баршылық. Бірақ көп емес. Былай айтқанда ауыл шаруашылығы бізде әлі күнге заманға бейімделе алмай отыр. Осының кесірінен сүт өнімдері өзіміздің нарықты қамти алатын емес.
Талас Омарбеков «Ашаршылық ақиқатын» айтты
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы дата қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ашаршылық ақиқаты» тақырыбында жиын өтті. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметі хабарлады.
Сауда көркі – интернет
Смарт­фоныңызда «сатып алу» деген нүктені бассаңыз болды, қаже­тіңізді өтеуге қызмет жасайтын тұтас индустрияны іске қосасыз. Осыдан 5 жыл бұрын ғана қазақстандықтар ұшаққа билет алу үшін әуежайда не авиаагенттіктерде кезекке тұратын. Бүгінде Қазақстанда әуебилеттерінің 99 пайызы интернет арқылы сатылады.
Жау жоқ деме – мониторда
Желіде адамдардың «парақшамды әлдекім бұзып тастапты», «электронды кабинетім ашылмай қалды» деген шағымдарын жиі оқимыз. Бұл – ақпараттық шабуылдың ең қарапайым, ең төменгі түрі. Электронды поштаңыздың істен шығуы да осы қатарға жатады. Ал ең ірілері дегенде – бүтіндей бір мекемені саусағын қимыл­датып-ақ тонап кететіндерді мысалға келтірсек болады. Карточкадағы ақшаны да арнайы кодтардың көмегімен жып-жылмақай ететіндер қаншама. Қысқасы, киберқауіпсіздік – дәл қазір күйіп тұрған мәселе.
Теріскей төрт түлігімен түлейді алайда жайылымдық жер жылдан-жылға тарылып барады
Созақ  – ежелден мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан аудан. Кезінде мұнда үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, қора-қора қой өріп жүрді. Кеңес үкіметі тұсында аудан, одақ бойынша мал өнімдерін өндіруден алдыңғы шептен көрініп, ауыс­палы Қызыл туды әлденеше рет иеленгені есімізде. Мал шаруашылы­ғын табысты өркендеткені үшін ауданнан 9 Социа­листік Еңбек Ері шықты. Бұл аудан еңбек­керлерінің жемісті жұмыстарын паш етсе керек.
Бұл жеңіс – баршаға ортақ жеңіс
Республикамызда ресейлік насихаттың қолы жүріп тұр. Солтүстік көршінің барлық дерлік телеарнасы елімізге еркін тарайды. Содан да болса керек, кейде қазақ­стан­дықтар бізге ешқандай кінәсі жоқ, қайта, мемлекеттіміздің басты инвесторлары саналатын, қаржысымен және техно­логияларымен бөлісетін Батыс елдеріне қисынсыз, жөнсіз агрессия танытып жатады.
Бюджет қаржысын бақылап жүрміз бе?
Өркениетті елдің кез келген азаматы өзі төлеген салығының қалай жұмсалып жатқанын қадағалап отырады. Бұл мемлекет қазынасының тиімді жұмсалуына, жемқорлық­тың жолын кесуге мүмкіндік береді. Ондай елдің билігі де бюджет қаражатының әр тиынын шашау шығармай жұмсайды, сол туралы есеп береді. Бұл тұтас елдің дамуына ықпал етеді. Ал бізде ше? Сіз бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанынан хабардарсыз ба? Қазақстан азаматы ретінде құзырлы орындардың бюджетті игерудегі жұмысына назар аударып көрдіңіз бе?
Қазақстанға кім инвестиция салып жүр?
Инвестиция – экономикадағы аса маңызды әрі қажетті термин. Бұл терминнің астарында қаншама қаражат буда-будасымен шашылып жатыр. Соны тиімді кәдеге жарату керек. Қысқаша айтқанда, қарызға берілген ақша. Алайда инвести­цияланған жоба табыс әкелер болса, онда ақша беруші де қарық болмақ. Ал егер банкротқа ұшыраса, онда көк қағазы желге ұшты деген сөз. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан да инвесторлармен үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр.
Бізге бәрі ыңғайсыз
Салтқа, дәстүрге адал-ақ ұлтпыз. Өзгені сыйлауға да өте құлықтымыз. Басқаның көңіліне қарағышпыз. «Тыныш болса екен, дұрыс болса екен» деп елпең қағып отырамыз. Қали Сәрсенбайдың есімін алты Алаштың баласы біледі.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 3 4 5 6 7 Келесі