Күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйел тыныс ала бастады

Дәрігер Нұр-Сұлтанда күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің денсаулығы туралы айтты. «Елорда инфоның» жазуынша, денсаулығы әлі де ауыр.

Күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйел тыныс ала бастады
Фото: Интернеттен алынды

«6 қазанда денесінің 75 пайызын денесін күйік шалып, қиын жағдайда түскен науқастың денсаулығы тұрақты ауыр. Жақсару динамикасы бар. Пациент есін жиып, өздігінен демалады. Бүйрек жұмысының тұрақсыздығы әлі де бар», — деді қалалық Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметі.