Аптап ыстық қанша күнге созылады?

Синоптиктер 16-18 шілде күндері қатты ыстық болатынын айтты.

Аптап ыстық қанша күнге созылады?
Фото: Интернеттен алынды

«Қазгидрометтің» болжамынша, ыстық ауа райы бірнеше күнге созылады. Антициклон және Ираннан келетін ыстық ауа массаларына байланысты Қазақстанның көптеген облысында ыстық және өте қатты ыстық ауа райы сақталады. Елдің батыс аймағында жаңбыр жауғанымен, күн қайта қатты ысиды. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-7 градус жоғары болады деген болжам бар.