Абылайхан Оспанов: DamuMed-ке хакерлік шабуыл болған жоқ

Бұған дейін DamuMed базасындағы мәліметтердің жарияланып кеткені қоғамда қызу талқыланған болатын.  

Абылайхан Оспанов: DamuMed-ке хакерлік шабуыл болған жоқ
Фото: Интернеттен алынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың айтуынша, цифрлы базаға хакерлік шабуыл жасалмаған.

– DamuMed мәселесіне тоқталсақ, бұл жағдайда ешқандай хакерлік шабуыл болмағанын атап өткім келеді. Осыны жүз пайыз сеніммен айта аламын. Бұл ретте бүгінде тиісті құқық қорғау органдарымен жұмыстар жүргізілуде. Осы жағдай тек адами факторға байланысты болды, – деді Абылайхан Оспанов.

Біз бұдан бұрынDamuMed-тің медициналық ақпараттық жүйесінің құпия мәліметтері әлеуметтік желіге тарағаны жайында мәселені талдап жазған болатынбыз.