Қазақстандық & шетелдік: жалақының айырмашылығы 2 есе

Қазақстандық және шетелдік жұмысшы арасындағы жалақы теңсіздігі 2 есеге жуықтайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Қазақстандық & шетелдік: жалақының айырмашылығы 2 есе
© сурет ашық интернет көздерінен

«Бізде «М-Техсервис» ЖШС қазақстандық және шетелдік қызметкерлері арасындағы жалақыға қатысты теңсіздік туралы ақпарат жоқ. Дегенмен, бұл еліміз үшін үлкен тақырып болып тұр. Қазіргі уақытта бұған баса назар аударылуда. Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы 63 кәсіпорынға тексеру жүргізіп жатыр», – деді Б.Нұрымбетов.

Министр ол тексерудің кейбір деректерін БАҚ өкілдеріне айтып берді.

«Қазірдің өзінде 38 кәсіпорынға тексеру аяқталды. Өкінішке қарай, оның 19-ында қазақстандық және шетелдік жұмысшы арасында жалақыға қатысты теңсіздік бар. Еңбек кодексіне сәйкес, ұлты мен азаматтығына қарамастан әрбір жұмысшыға бірдей жағдай жасалуы тиіс», – деді ол. 

Осы сәтте БАҚ өкілдері Біржан Нұрымбетовтен қазақстандық және шетелдік жұмысшы жалақысындағы айырмашылық қанша болғанын сұрады.  «1,5 – 2 есе»,– деп қысқа қайырды министр.