700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді – «Astana LRT»

Елордада 700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді. Бұл туралы брифингте «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов мәлім етті.

700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді – «Astana LRT»

«Біздің тарапымыздан автобус жүргізушілерін іріктеу бойынша қажетті шараларды іске асырудамыз. Зейнет жасына жеткен жүргізушілер зейнеткерлікке шығып жатыр, ал жастар осы кәсіпке келуге қызығушылық танытпауда», – деді «Astana LRT» ЖШС өкілі.

Б.Сеитовтің сөзіне қарағанда, автобус парктері тарапынан лайықты еңбекақы болуы пысықталуда. «Нұр-Сұлтан қаласында жүргізушілер тапшылығы бар, бүгінде 700-ге жуық адам жетіспейді», – деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Astana LRT» автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді.