Көлгінов: Үлескерлер үйінің сапасын Nur Otan қадағалайды

Астананың әкімі Алтай Көлгінов қаладағы проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті.

Көлгінов: Үлескерлер үйінің сапасын Nur Otan қадағалайды
Фото: "Казправда"

«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде барлық терезе орнатылды және ішкі инженерлік желілер жүргізілді. Ғимараттың қасбетін нығайту, кіреберістерде плиткалар орнату жалғасуда. Әкім құрылыс қарқыны әлсіз, үй аумағындағы жұмысшылар санын арттыру қажет екенін айтты.

«Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешені 2004 жылы салына бастаған. Қала әкіміне тұрғындар асфальт төсеуді сұрады. Үйге техникалық тексеру жүргізілді және жолға асфальт төселді.

Ғимараттың қасбетін және паркингтің құрылымын нығайту керек. Қалада барлығы 51 (76 үй) проблемалық тұрғын үй кешені бар. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Құрылыс барысын Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайды.