Балташева: Мекенжай анықтамасын жою – жұмыстың басы, тағы 28 анықтама жойылады

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасының қажеті жоқ.

Балташева: Мекенжай анықтамасын жою – жұмыстың басы, тағы 28 анықтама жойылады
Фото: Интернеттен алынды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева сонымен қатар тағы 28 анықтаманың жойылатынын айтты.

­— Елімізде мекенжайы анықтамасын жою – жұмыстың басы ғана. Біз қазіргі уақытта дәл осындай 28 анықтаманы жоюды көздеп отырмыз. Яғни, тағы 28 анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмай қалады, ­— деді Әсемгүл Балташева.

Ол сондай-ақ, түрлі анықтамалар мен құжаттар қажеттіліктен сұралады.

— Шетелдік тәжірибелерді зерттеп көрдік. Қызметтерді сапалы мен қолжетімді ету үшін талдау жұмысын жүргіздік. Анықтаманы алу үшін міндетті түрде уақыт жоғалтып, мекеме аралау қажеттігі маңызын жойып барады. Мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті түрде алу мүмкіндігін жолға қойдық. Проактив – қызметтің өзінің азаматтарды іздеп табуы. Қайда барам, не істеймін деп бас қатырудың қажеттілігі жоқ. Сол үшін 28 мемлекеттік қызметтің түрін 17 проактивті қызметке ауыстырамыз. Яғни, 28 қызметтің түрін регистрден алып тастаймыз, — деді Әсемгүл Балташева.