Министр Бурабайда ағаш кесу оқиғасы туралы мәлімдеді

ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша тексерудің нәтижесі туралы айтты.

Министр Бурабайда ағаш кесу оқиғасы туралы мәлімдеді

Естеріңізде болса, биыл тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаш кесу оқиғасы бойынша шұғыл шаралар қабылдануы керектігін тапсырған.

–Президент тапсырмасын орындадық, осы орайда тиісті тексеріс жүргізілді. Бұл жағдай бойынша ағаш кесу шарасы алдын ала келісілген екен, яғни Бурабайдың жаңадан дамытылып жатқан туристік кластеріне инфрақұрылымды тарту үшін трассаны өткізуге қатысты болып отыр,– деді тілшілердің сауалына жауап берген Мағзұм Мырзағалиев.

 

Министрдің айтуынша, мердігер ұйымның күшімен алдағы уақытта ағаш отырғызу шаралары жүзеге асырылмақ.