Қазақстанда еттің қымбаттауына не себеп?

Ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев Қазақстанда ет бағасы неге көтеріліп жатқандығы туралы айтты,– деп хабарлайды LS.

Қазақстанда еттің қымбаттауына не себеп?
© сурет ашық интернет көздерінен

М.Бақтыбаевтың айтуынша, бағаның өсуі негізінен сиыр етіне қатысты. Өйткені орташа есеппен алғанда әрбір қазақстандық жылына 25 келі сиыр етін және 6 келі қой етін жейді. Сарапшының сөзіне қарағанда, фермерлер еттің өзіндік құнын өндіріс шығындарының өсуіне байланысты да қымбаттады.

«Фермердің ет сататын бағалары аймаққа байланысты 1,2-1,4 мың теңгеден 1,4-1,6 мың теңгеге дейін өсті. Бұл дизель отынының қымбаттап кетуіне байланысты болды. Дизель отыны бензинге қарағанда үш есе қымбат. Осыған байланысты жем, гербицидтер, техникалар бағасы, басқа да шығындар соңғы төрт жылда екі есе өсті»,– деп түсіндірді М.Бақтыбаев.

Ет одағы басшысының айтуынша, еттің өзіндік құны көтерілген соң базардағы баға да қымбаттай береді.

«Байқасақ, еттің арзан кезі тамыздан бастап қарашаға дейін, желтоқсаннан сәуірге дейін ет бағасы шарықтайды. Фермерлер күзде жайлаудан оралған соң малды көбірек сатады, ал қыста мал арықтап, ет сату күрт төмендейді. Бұл бағаға әсер етеді»,– деді ол.

М.Бақтыбаев ет бағасы алушыға қол жетімді болуы үшін, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының жалақысын, зейнетақы мен шәкіртақыны өсіруі керек екенін айтқан.