Оралда қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды

6 қазан Оралда сағат шамамен 10.00-де жаңа туылған нәрестенің мәйіті  табылды. Бұл туралы "Мой Город" хабарлайды.

Оралда қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды

Сәбидің денесі қаланың ортасындағы Кердері көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің қоқысынан табылған. Куәгерлер баланың өлі күйде табылғанын айтады.

«Баланың анасы да табылған сияқты», - дейді олар.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған факті бойынша жедел жәрдем қызметіне қоңырау келіп түспегенін хабарлады. Дегенмен оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. БҚО денсаулық сақтау басқармасы прокуратурамен келісілгеннен кейін ғана аталған факт бойынша ақпарат берілетінін айтты.