Аудандық аурухана қызметкерлерінің жаппай жұмыстан кетуіне не себеп?
Желіде медицина қызметкерлерінің жұмыстан кету туралы өтініш жазған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арыс маңында тағы жарылыс болды: 10 сапер зардап шекті
Арыс қаласынан 60 шақырым жерде, арнайы жасақталған полигон аумағында оқ-дәрі жарылды,– деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.
Қазақстан 2025 жылы полиэтилен пакеттерден бас тартуы мүмкін
Қазақстанда 2025 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін қолдануға тыйым салынады. Қазір бұл мәселе қарастырылуда, – деп мәлімдеді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Айта кетейік, бүгін аталған ведомство мен «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның экологиялық қауымдастықтары арасында пластик пакеттердің қолданылуын тоқтату туралы меморандумға қол қойылды.
Бас прокуратура: шетелдік жұмысшылар қазақстандықтардан әлдеқайда көп сыйақы алып келген
ҚР Бас прокуратурасы 38 бірлескен кәсіпорынды тексеріп, 6,5 млн теңге айыппұл салған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық мүддені қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов айтты.
Б.Сағынтаев: Алматыға жер сілкінісін ескертетін 25 станса қажет
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.
700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді – «Astana LRT»
Елордада 700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді. Бұл туралы брифингте «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов мәлім етті.
«Astana LRT» автобус пен тепловоз соқтығысына қатысты түсінік берді
«Astana LRT» ЖШС-да №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді.
Былтырдан бері теміржол өткелдеріндегі апаттан 22 адам зардап шеккен
2018 жылдан бері теміржол өткелдеріндегі жол апатынан 22 адам зардап шекті. Оның екеуі көз жұмды. Бұл туралы ОКҚ-де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.
Елордада автобус тепловозбен соқтығысты
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысты. Оқиға 13 қыркүйекте таңғы уақытта болған, дегенмен жол көлік оқиғасының видеосы ақпарат көздерінде бүгін жарияланды.
Сатылған диплом сан соқтырмасын
Соңғы кездері сапасыз білім, сатып алынған диплом, бағыт-бағдарсыз білім беріп отырған оқу орындарының мәселесі ушықты. Бұған Елбасының өзі Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ерекше тоқталып, «Жастардың өзі де жемқорлыққа қарсы әрекеттерге белсенді түрде қатысуы тиіс. Сатып алынған білім, ақшаға алынған сынақ не болады?» деді.