Қас-қағым...
Қазақстан жол апаты бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Елімізде жолдағы апаттың деңгейі Норвегиядан 11 есе көп. Бұл нені білдіреді? Бұған себеп – көліктің көбеюі ме, әлде адамдардың салғырттығы ма?
Журналист пе, технолог па? Біз кімді дайындаймыз?
Қазіргі журналистика – сауатты һәм көркем жазумен қатар жан-жақтылықты, техника мен мультимедианы меңгеруді, бірнеше тіл білуді талап етеді. Бұл ең басты деген талаптар ғана. Бұдан басқа да түрлі критерийлер бар. Журналистиканың күрделенуіне орай оқу орындары да білім бағдарламаларын күшейтіп, түрлі бастамаларды іске асыруда. Бұл орайда қара шаңырақ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Журналистика факультетін ерекше атай аламыз. Факультеттегі Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаевамен сұхбаттасу барысында көп нәрсеге қанық болдық.
Кең дүниені толтырайық жабылып...
Алтай мен Атыраудың арасында ұзыннан-ұзақ созылған ұлан-байтақ даламызға осы санымызбен аздай көрініп-ақ жүрміз. Ұшқан құстың қанаты мен жүгірген аңның аяғы талатын кең дүниені толтыра алмай далмыз. Ол – рас. Бірақ осы жерде әр аймақтың халқы біркелкі орналаспағасын, ішкі көші-қонның мәселесі қылаң ете қалады. Оңтүстік жұртшылығына жер жетпей жатса, солтүстік өңірдің ауылдары қаңырап бос қалып жатыр. Міне, парадокс.
Демографиялық институт болса қалай?
2019 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 18 468,9 мың адамға жетті. Былтыр бұл уақыт­тағы көрсеткіш 18 321 606 адам еді. Араға бір жыл салғанмен демография­лық ахуалда айтарлықтай жаңалық болмай тұр. Мамандар, қоғам белсенділері осыған алаңдауда. Енді қайтпек керек? Халық санының өсуі мен тұрақтылық мәселесін қалай реттейміз? «Қазақстан халқының демография­лық даму бағыттары және әлемдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конференцияда бас қосқан ғалымдар бірауыз­дан «Бізге демография­лық институт» керек деді. Бұл институттың жұмысы қалай жүреді? Бұл орда шын мәнісінде халық санының өсуіне мұрындық бола ала ма? Саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қоса ала ма?
Зерттеуші мамандар­дан сұрап білдік.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар оңалту құралдары мен қызметтерді өздері таңдай алады
Ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтар арнайы портал арқылы бюджет есебінен қажетті техникалық және қозғалу құралдарын таңдап, сатып ала алады.
Ересектерсіз Ертіске шомылу қауіпті
Ертіс өзенінің бойындағы жағажайларды және суға түсуге мүлде тиым салынған жерлерді тексеруге орай Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері мен  № 7 ҚБ ШААЖҚЖ отряды «Вельбот» моторлы қайығымен арнайы рейд жүргізді.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын қалай жақсартамыз?
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова  Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспардың жаңашылдықтары туралы айтып берді.
Біздің бензин кімді жарылқайды?
Біз өзі сонша көп өнімді шетелге экспорттап жатқан ел емеспіз. Санаулы ғана затымыз бар. Соның бірі – бензин. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан жақын уақыттан бастап Қырғызстанға бензин тасымалдауға кіріспек.
Асқар Мамин: Жұмыс болса, халықтың тұрмысы жақсарады
Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 17 18 19 20 21 Келесі