130 млн тонна қоқысқа көмілген Қазақстан қайта өңдеуге қашан көшеді?
Еліміздегі полигондарда 130 млн тоннаға жуық қатты қалдықтар көмілген. Мұның өзі – ресми көрсеткіш. Ал соңғы кездері ұйымдастырылған #TazaQazaqstan экологиялық акциясының аясында 15 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Тұтынушылық принциптердің жетегіндегі қалдықтар біз үшін әлі де тек экологиялық проблема секілді. Оны өңдеу экологияға ғана емес, экономикамызға да орасан пайда әкелетінін білсек те, білмегендейміз. Жасыл технология деп жаһанға жар салдық, бірақ қолдануға келгенде іс кері кетіп жатыр.
Ертісбаев «Алма-Атаны» неге аңсайды?
Үш мәрте Қазақстан Президентінің кеңесшісі болған, кейінгі алты жылын Грузия мен Беларусь елінде елші болып өткізген Ермұхамед Ертісбаев «Алматының атауын ауыстыру керек» деген сыңайда пікір айтыпты. Тарихы мың жылдан асып жығылатын, атауы ел құлағына әбден сіңіп, ән мен жырға арқау болып кеткен Алматыны Алма-Ата ету қаншалықты қисынға келмек? Қисыннан бұрын, екі атау бір-бірімен мағыналық, мазмұндық тұрғыдан қабыса ма? Әй, қайдам...
Бара бергенше – пара бер
Жасырып-жабары жоқ, бізде қазір жемқорлық деген жегіқұртпен бетпе-бет кезікпейтін сала жоқтың қасы. Қайта-қайта бара бергенше пара беріп, мәселесін оңай шешіп алуға бір иығы бұрып тұратын­дар­дың қарасы, тіпті, қалың. Әсіресе, білім саласын еркін бойлаған бұл «ауру» елді елеңдете бастады. Елбасы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осы мәселеге ерекше тоқталып, «Жастар­дың өзі де жемқорлыққа қарсы әрекеттерге белсенді түрде қатысуы тиіс. Сатып алынған білім, ақшаға алынған сынақ не болады?» деді.
Екі сиыр – екі әлем
Facebook әлеуметтік желісінде ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы Самат Нұртаза сиыр бағып, пұл табу төңірегіндегі талқыны саралап, ой бөлісті.
Жемқорлықтың тамыры тасқа бітсе де талқандалады
Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес. Сыбайлас жемқорлық - заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі.
Солтүстік Қазақстанда балықтар қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде 185 килограмға жуық мөңке балық қырылып қалған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Табиғи ресурстар басқармасы хабарлады.
А.Көлгінов: Мектептерге 200 мұғалім керек
Нұр-Сұлтан қаласында 200 мұғалім жетіспейді. Бұл жайында «Білім және ғылым» тақырыбында өткен елорда педагогтарының жыл сайынғы Тамыз кеңесінде қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.  
XXI ғасыр дерті
Қазіргінің баласы асық ойнамайды. Әжесінің ертегісін тыңдап, түрлі суретті ойын да құрастырмайды. Бүгінде қыстың үш айында ақ ұлпа қардан аққала соғып, шанамен сырғанайтын бүлдіршінді көру екіталай. Қалалық жер былай тұрсын, ауылдың қара домалағының өзі кеш батқанша далада жүріп, доп тебуден қалған. Оның себебі – бүгінгі технология. Яғни, ғалам торабы мен смартфон. Көпке топырақ шашпаймыз, бірақ ақиқат – осы.
Еңбегі – ауыр, жалақысы – аз тәрбиеші деген маман бар
Биылғы Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласы қызметкерлерін қуантатын бірқатар жаңалықпен бөлісті. Солардың бірі – алдағы төрт жылда мұғалімдер жалақысын екі есе көтеру бастамасы. Көптің көңіліне ұялаған ұсыныстан соң, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына білім қызметкерлеріне қатысты тағы бір хабарлама жазды. Президент келер жылы науқас балаларға арналған мектеп-интернаттар мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысы Үкіметте қаралатынын айтты.
Селден келген сергелдең
14 тамыз күні Алматыда сел жүру қаупі туралы ресми хабарланып, қала халқы жаппай дүрлікпесе де біршама әбігерге түсті. №1 өзендегі су деңгейі 5 метрге дейін көтеріліп кеткен. Таңнан іске кіріскен Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіз орындарға эвакуациялап, оқиғаны барынша оң бағытқа бұруға тырысқан. Сел кернеуінен асып кетер болса деп қала билігі «Қазәуеқұтқару», «АлматыҚұтқару» және Ұлттық Ұлан қызметін даярлап қойған.