Балаға қандай қауіп бар?

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 167

Әлемде бес жасқа дейінгі әрбір үшінші бала жеткілікті мөлшерде тамақтанбайды. Мамандар нашар тамақтану және балалар үшін жарамсыз азық-түлік тұтынудың салдарынан бала денсаулығына үлкен зиян келіп жатқанын айтады. Қазір Қазақстандағы 9 жас аралығындағы әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегуде. Ең жоғары көрсеткіш қала тұрғындары мен емізілмеген балалар арасында байқалып отыр.

Балаға қандай қауіп бар?

Мамандар ХХІ ғасыр балаларының дұрыс тамақ­танбау мәселесін үшке бөліп қарастырып отыр. Олар: тоймау, қажетті қоректік заттардың жоқтығынан туындаған жасырын аштық және бес жасқа дейінгі балалар арасындағы артық салмақ. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, әлемде 149 миллион баланың өсуден қалыс қалғаны немесе өз жасы үшін өте кішкентай көрінетіні анықталған. Сонымен қатар 50 миллион бала жүдеу немесе өз жасы үшін өте арық. 340 миллион бала немесе 2 баланың біреуі А дәрумені мен темір сияқты негізгі дәрумендер мен қоректік заттардың тапшылығынан зардап шегеді. 40 миллион баланың артық салмағы бар, семіздіктен зардап шегеді. Мұнымен қоса емізудің де нашарлығы байқалып отыр. Дүниежүзінде алты айға дейінгі балалардың 42% ғана емізіледі. Осыған сәйкес сүт қоспасы берілетін балалардың саны барған сайын кө­бейіп жатыр. Сүт қоспасын сату 2008-2013 жыл­да­ры кірісі орташадан жоғары Бразилия, Қытай және Түркия сияқты елдерде таралған болатын. Бала алты айға жақындағанда жұмсақ және қатты азық-түлікке көше бастайды. Осыдан кейін көбі дұрыс тамақтанбайды. Әлемде алты айдан екі жасқа дейінгі балалардың 45% ешқандай жеміс пен көкөніс тағамдарын тұтынбайды. 60% жуығы жұмыртқа, сүт тағамдарын және балық пен етті жемейді.

Балалардың дұрыс тамақтанбауы негізінен жөн­сіз маркетинг пен жарнамалардан, қалалардағы, соны­мен қатар қашық аудандардағы шектен тыс өңдел­ген өнімдердің молдығынан, сонымен бірге фастфуд пен өте тәтті сусындарға қолжетімділіктің кеңеюі­нен болып отыр.

Жер бетіндегі бес жасқа дейінгі әрбір үшінші баланың, яғни 200 миллион баланың артық салмағы бар. Алты айдан екі жасқа дейінгі шамамен әр үш баланың екеуіне ағзасының дұрыс өсуін қолдай алатындай тамақ берілмейді екен. Бұл мидың баяу дамуына, оқу қабілетінің төмен болуына, нашар иммунитетке, инфекцияға шалдығуға және көп жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, маман­дар елімізде семіздік диагнозы бар балалар саны өсіп жатқанын айтып, дабыл қағуда. Елімізде 5­ жас­қа дейінгі әрбір он баланың біреуінде ар­тық салмақ бар немесе семіздікке шалдыққан. 2­ жа­с­­қа дейінгі балалардың 21% -ы жемістер мен кө­­көністерді қолдан­бай­ды. 6 айға толмаған сә­би­лер­дің жартысынан азы ғана, яғни тек 38% емізі­ле­ді. Қосымша тамақ беріл­ген­нен кейін 6 айлық бала­­лардың жартысынан азы омырау сүтін емуді жал­ғастырады екен.

– Балалардың тамақтану мәселесі Қазақстанда ушығып барады. Бұл балаларымыздың денсаулығы, үлгерімі мен жағдайына зардабын тигізеді. Егер бала­лар­дың семіруі мен нәрлі, пайдалы тамақтар жетіс­пеушілігінің өсу үрдісі жалғасса, онда 2050 жылы туылған балалар бүгінгі күнде туылған балалар­ға қарағанда аз өмір сүреді және семіздік халық өлі­мі­нің негізгі екі себептерінің бірі болады деп бол­жауға болады. Балалардың дұрыс тамақтанбауы қоғам­ның әлеуетін шектейді. Сондықтан ерте жастағы балалардың тамақтануын жақсарту денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру қызметінің басты мақсаты және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас бөлігі, – дейді ЮНИСЕФ-тің Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев.

ДДСҰ зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда теледи­дар­дағы тамақ өнімдері мен сусындар жайлы жар­­намалық роликтердің 20% ғана халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес келеді. Кіріс деңгейі төмен және орта­ша елдерде мектеп жасындағы балалардың 42% газ­далған, тәтті, алкогольсіз сусындарды күніне бір реттен кем емес тұтынатыны және 46% аптасына бір реттен кем емес фастфуд жейді. Кірісі жоғары ел­­дерде бұл көрсеткіштер жасөспірімдер арасында тиі­сінше 62 және 49%-ға жетіп отыр. Нәтижесінде, дүниежүзінде балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ пен семіздіктің деңгейі өсіп жатыр. 1975 жылмен салыстырғанда қазір қыз балалар се­­міз­­­діктен он есе, ер балалар 12 есе көп зардап ше­­гіп жа­тыр. Бір таңғаларлығы, кіріс деңгейі жоға­ры Ұлы­­британия сияқты елдердің өзінде артық сал­мақ бай-қуатты аудандарға қарағанда ең кедей аудан­дар­да кең тарағаны анықталды.

Мамандар балалардың дұрыс тамақтану мәселесін шешу үшін тамақтану саласындағы білімді жақсарту қажет дейді және зиянды тағамдарға сұранысты қыс­қар­ту үшін қантқа салық салу сияқты тексерілген заң­на­маны пайдалануды жөн санайды. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің балалар үшін дұрыс таңдау жасауына қозғау салуды, дәл және түсінуге жеңіл таңбалау және зиянды азық-тү­лік маркетингін анағұрлым қатаңырақ бақылау сияқ­ты тексерілген тәсілдемелерді пайдалану қажет. Осыған орай мамандар балалар мен жасөспірімдер үшін денсаулыққа пайдалы тамақтану ортасын құруды және денсаулық сақтау, сумен жабдық­тау, санитария, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерін жұмыл­дыруды ұсынып отыр.

Тақырып бойынша материалдар