Баспана бағасы қымбаттады

Биыл мамыр айында Қазақстанда жаңадан салынған баспананың бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 314 теңгеге жетті.

Баспана бағасы қымбаттады
Фото: Интернеттен алынды

Салыстырма түрде айтсақ, бұл баға сәуірдегі көрсеткіштен 0,8%-ға жоғары. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 3,1%-ға қымбаттаған.

Бұрын салынған, қайта сатылатын пәтердің 1 шаршы метрінің мамыр айындағы орташа бағасы – 192 201 теңге. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,9%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7% өскен.