Жалған ақша өткізумен айналысқан топ ұсталды

Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыс аумағында алдын ала сөз байласу арқылы жалған валюта  өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жалған ақша өткізумен айналысқан топ ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
Қылмыскерлерден 223 000 Ресей рублі, сондай-ақ 8 000 000 теңге тәркіленді. Қылмыстық топ 19 500 euro өткізген, сараптама  ол ақшаның жалған ақша екенін анықтаған. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-тармағы «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, алып өту немесе өткізу» және 190-бабтың 3-тармағы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тіркелді.
Ұсталған тұлғалар қамауға алынып, тергеу басталды.