Қанат Әлмағамбетов: Әйелдерге арналған жеке вагон болмайды

Ел аумағында әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды.

 Қанат Әлмағамбетов: Әйелдерге арналған жеке вагон болмайды
Фото: Интернеттен алынды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, жеке вагон қосу қымбат.

– Бірден айту керек, әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды. Келешекте купелер болуы мүмкін. Жеке вагонды іске қосу – өте қымбат болатын шығар. Талай жылдар өткеннен кейін болмаса, дәл бүгін ондай жоспар жоқ, – деді.