Күйдіргі ауруымен 4 адам ауырып, ауруханаға түсті

Жамбыл облысында төрт адам күйдіргі ауруымен ауруханаға түсті. Бұл жөнінде КТК арнасы хабарлады.

Күйдіргі ауруымен 4 адам ауырып, ауруханаға түсті
Сурет интернеттен алынды

Зертханада қауіпті диагноз расталды. Денедегі тән бөртпелері бар барлық науқас әкелінді. Олардың барлығы мал сойған екен.

«Науқастар бір қожалықта шопан болып жұмыс істейді. Сол жерде мал сойып, тікелей байланысқа түскен. Бір аптадан кейін – араға 10 күн салып, оларда осындай шағым түсе бастаған», - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Гүлфайра Мирзабекова.

Пациенттер көмекке дер кезінде келген. Денегі түскен жара ағзаға әсер ете бастаған. Енді емдеу кем дегенде 20 күнге созылады. Сонымен бірге туыстары, әріптестері және учаскелік мал дәрігер секілді 44 адам бір апта бойы дәрігердің бақылауында болады екен.

Бірақ, өкінішке қарай, шаруа қожалығы орналасқан Шақпақ ауылына карантин енгізілмеді. Себебі, ресми түрде бұл адамдардың ауруды малдан жұқтырғаны жайында растамалмаған. Биліктегілердің айтуынша, шопандар жұмыс істеген фермада  бірде-бір мал күйдіргі ауруынан тіркелмеген. Сондықтан бұл адамдар ауруды құдық қазу кезінде шалдығуы мүмкіндігін айтты. Мұндай жараның жерден шығатыны туралы таластың туғанына бірнеше жыл болған. 

«Сараптама күйдіргі не басқа аурулардың болуын жоққа шығарды. Сірә, жануарлар жұқпалы емес аурулардың кесірінен өлген болар. Өз басым, науқастар туралы білмеймін, олармен әлі сөйлесіп, байланысқа түспедік. Бұл қоздырғыш барлық жерде жатуы мүмкін. Тіпті топырақта да, көңде де болуы мүмкін», - деді Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Қанатбек Картабаев.